Біз кейде өз жасымыздан жас көрінгіміз келеді, өйткені кәрі және қауқарсыз болғаннан жас әрі дені сау болған артық саналады. Алайда бүгінде қартаюға деген көзқарас айтарлықтай өзгеруде. Ғылыми жетістіктердің арқасында мынау анықталды: біздің қартаюымыз жай ғана адамның жасына емес, жасқа байланысты өзгерістерге деген біздің көзқарасымызға, атап айтқанда, организміміздің және санамыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбауымызға байланысты. Салауатты іс-әрекет ұзағырақ ауырмай, бейнетсіз өмір сүруге және өзінді жас сезінуге көмектеседі.
Қазіргі ұрпақ оған дейінгілерге қарағанда басқаша қартаяды. Қазір 70 жастағылардың тән және психикалық саулығы өткен ғасырдың орта шенінде өмір сүрген 55 жастағылардың денсаулығымен шамалас. Бүгінде, ересектердің көбі жоғары қан қысымы, сусамыр секілді ең болмағанда бір созылмалы аурудан зардап шеккенімен олардың арасында бұрынғы ұрпақпен салыстырғанда еңбек қабілетінен айырылғандар азырақ. Бұған ең алдымен ауруларды ерте
анықтау және емдеу жөніндегі заманауи технологиялардың арқасында қол жетті.
Әлемде орташа өмір сүру ұзақтығы үнемі өсуде: ол орта есеппен күніне 5 сағатқа ұзарады. 65 жасқа толған адамдарда бұл көрсеткіш айтарлықтай көбеюде. Ал 85 жасқа жеткендердің үміті бұдан да зор. Басқаша айтқанда, адам қаншалықты ұзақ өмір сүрсе, оның одан да ұзақ өмір сүру мүмкіншілігі де соншалықты арта түседі. Шыңдық өте қарапайым: созылмалы сырқаттарға бейім және өмір салты түрлі аурулар мен жарақаттардың жоғары қаупіне байланысты адамдар
ұзақ өмір сүрушілердің қатарынан ерте шығып қалады. Ұзақ өмір сүрушілердің денсаулығы мен төзімділігі басқалармен салыстырғанда біршама жоғары.
Кәрлік - көптеген аурулардың туындауындағы негізгі қауіп факторы. Бұл қартаю мерзімін шегіндіре отырып, көптеген дерттерден құтылуға болады дегенді білдіреді. Бұл түбегейлі көзқарас. Идеяның мәні мынада: қарттық бізге әу бастан берілген нәрсе емес, пластикалық ұғым, мүлде басқа өлшем, жаңа парадигма.
Жүйелі дене белсенділігі, салауатты қоректену, аурулардың алдын алу және дер кезінде анықтау, антиоксиданттар мен бірқатар басқа биологиялық белсенді заттар қабылдау бейнетсіз кәрілікті қамтамасыз ететіні ғылыми тұрғыда дәлелденген көзқарастар болып саналады. Осылардың әрқайсысы адам өмірін орта есеппен 10-30 жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Жақын болашақта гендік терапияға, жасушалық клондауға, регенеративті медицинаға, жасанды ағзалар мен нанотехнологияларға негізделген биомедициналық технологияларды дайындау және қолдану өмірді тағы 8-20 жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Аталған факторлар қиюластырылған жағдайда қосымша 60 және одан да көп жас қамтамасыз етілмек.
Ғалымдар организмімізде болып жатқан жайттарға біздің өзіміз жауап береміз деген қорытындыға келді. Мүмкін, сіз таңғалатын боларсыз, бірқк біздің қартаюымыздың 30 пайызы ғана генге, яғни тегімізге байланысты. Жасқа байланысты өзгерістердің 70 пайызға жуығы өмір салтымызға және іс-әрекеттерімізге байланысты.
Жасымыз емес, одан бұрын өзімізді қанша жастағыдай сезінетініміз маңызды. Басты назарды өзіңді жасарта түсуге емес, егде тартқанда денсаулық пен қуатты сақтап қалуға аудару керек.
Біз өзіміз ғана жасымызды бақылай аламыз, жай ғана жас қоса береміз бе, әлде жылдарымыз өкінішіз өмірге толы бола ма, бұл өзімізге байланысты.
САНАЛЫ ҒҰМЫР - ҰЗАҚ ЖАСАУ КІЛТІ
Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-08 04:28 - (1295 Оқылымдар)Біз кейде өз жасымыздан жас көрінгіміз келеді, өйткені кәрі және қауқарсыз болғаннан жас әрі дені сау болған артық саналады Алайда бүгінде қартаюға деген көзқарас айтарлықтай өзгеруде.