Жүктелуде...
 

Жұтынудағы қиындық

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:13 - (155 Оқылымдар)

Жұтынудағы қиындық көбінесе тамақтың инфекционды қабынуынан болады. Ауырған тамақты емдеу, әдетте, ауырсынуды және жұтынудағы қиындықтарды жояды. Алайда, жұтынудың қиындауы асқазан мен өңештің ауруларынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер толықтай диагностика жасап, ем тағайындауы тиіс.

Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-13 06:02 - (4274 Оқылымдар)

Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы – қанның ұйығыштығының бұзылуынан туындайтын ауру. Әдетте ол бала туылғаннан кейін көп ұзамай пайда болады.

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-11 08:06 - (966 Оқылымдар)

Профессор Алмаз Шарманның аталмыш интернет монографиясы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы» деген атпен ең алғаш көріп отыр. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы деген сілтемеде, «жүктеу» деген батырманы басу арқылы монографияны pdf форматта, 6,02 МВ көлемде толық жүктеп алуға болады. Оның төменгі жағында мақала түріндегі бөлімдерін жеке-жеке көшіріп алсаңыздар да жарайды.
Тақырыптың өзектілігі сонша, бүгінгі таңда адамзат баласына аса зор қауіп төндіріп тұрған АИТВ және ЖИТС мәселелері жаңа қырынан қозғалған. Қазіргі таңда ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу үшін жасалып жатқан нәтижелі амал-шаралар мен шығарылып жатқан дәрі-дәрмектер жайында да ұтымды ойлар, келелі пікірлер айтылған. Соңғы уақытта бұл Қазақстан үшін де аса маңызды мәселелердің қатарына көтерілді, оған мысал ретінде, жақында ғана орын алған Оңтүстік-Қазақстанда орын алған қайғылы жағдайды айтсақ болады. Бар-жоғы 20 жылдың ішінде АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-нан туындаған адамның ашық иммун тапшылығы синдромы 20 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған екен. Аталмыш вирустың пайда болуы, сондай-ақ әсер ету механизмі әлі күнге дейін адамзат баласы үшін шешілмеген жұмбақ күйінде келе жатыр. Заман талабына сай АИТВ-инфекциясына қарсы терапиялар, ұтымды әдісті диагностикалар жасалып жатқанымен, аурулар сол күйі сауығар емес.

Жүрекшенің фибрилляциясы (бүлкілдеуі)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:51 - (171 Оқылымдар)

Жүрекшенің фибрилляциясы (бүлкілдеуі) – бұл тұрақталып қалған қалыпсыз жүрек соғысының кең таралған түрі. Жүрекшенің бүлкілдеуі кезінде жүректің үстінгі құлағы дұрыс соқпай тұрады, ол қан айналына, жүректің соғу күшіне, және де организмнің басқа да бөліктеріне әсер етеді.

Жүкті әйелдердің таң ертеңгілік жүpек айнуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 11:48 - (312 Оқылымдар)

Жүктілік кезінде әйелдің денесінде түзілетін гормондардың әсерінен жүйрек айнуы пайда болады. Жүктіліктің алғашқы үш айлығында жүйрек айну, құсу деген сияқты жағымсыз жайттар кездесіп жатады.

Жүктілік триместрі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:37 - (226 Оқылымдар)

Қалыпты жүктілік – ұрықтанудан, босанғанға дейін 40 аптаны қамтиды. Бұл уақыт шамамен үш кезеңге бөлінеді: бірінші үш айлық кезеңі (бірінші триместр) – ұрықтанудан 12 аптаға дейін; екіншісі үш айлық кезеңі (екінші триместр) – 13 аптадан 27 аптаға дейін; үшінші үш айлық кезеңі (үшінші триместр) – 28 аптадан босанғанға дейін.

Жарақаттың әсерінен терінің бозарып, көгеруі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:26 - (198 Оқылымдар)

Жарақат алған жерден немесе одан төмен жерде терінің бозаруы немесе көгеруі – қантамыр қысылғанда немесе тікелей жарақат алған кезде пайда болады. Жарақатқа себеп болатын жайттар – оқ жарақаты немесе үшкір заттардың денеге қадалуынан болған жарақат, буынның шығуы және созылуы, күйіктер, сынықтар, езіліп-шаншылу, жыланның шағуы, медициналық процедура, операциялар болып табылады.

Жатыр

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 07:49 - (3112 Оқылымдар)

Жатыр – әйелдердегі өндірістік жүйенің бір бөлігі болып саналады. Бұл мүше алмұрт тәрізді болып келеді, онда - ұрық дамиды. Жатыр – қуық пен тік ішектің арасында, кіші жамбас қуысында орналасқан.

Жамбас буынының дисплазиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-04 08:19 - (3978 Оқылымдар)

Жамбас буынының дисплазиясы - бұл жамбастың жоғарғы бөлігінің орналасу шұңқырына тығыз орналаспаған жамбас буынының қалыпты өсуінен туындаған жағдай. Дисплазия жамбас буындарының біреуінде немесе екінші жағында да кездесуі мүмкін. Жамбас сүйегі орналасуы керек шұңқырға еркін кіре алады немесе оған толығымен кірмейді (тайып кетеді). Осы жағдай жамбас буынының дисплазиясына бейімді болып келеді. Жамбас буынының дисплазиясына ұлдардан қарағанда қыздар жиі ұшырайды.