Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Жарияланды 2018-08-07 10:54 - (797 Оқылымдар) -Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде жүрек организмнің қажеттіліктерін өтеу үшін қанды толық көлемде айдай алмайды. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің дамуы жүректің тоқтап қалуын немесе енді тоқтап қалу мүмкіндігін білдірмейді. Бұл дегеніміз – жүрек қажеттілікке сай қанды айдай алмайтындығын білдіреді. Бұл кезде жүректің бір және екі жағы да зақымдануы мүмкін.