Тұншығу
Жарияланды 2018-10-05 11:45 - (142 Оқылымдар) -Тұншығу – бұл мойынды қысып, жұлынды , сондай-ақ ми бағаналары мен мойын құрылыстарын зақымдап, дем алу жолдарын қысып, жүpектің тоқтауына немесе өмірмен қоштасуға себеп жасау.
Тұншығу – бұл мойынды қысып, жұлынды , сондай-ақ ми бағаналары мен мойын құрылыстарын зақымдап, дем алу жолдарын қысып, жүpектің тоқтауына немесе өмірмен қоштасуға себеп жасау.
Тромбофлебит - бұл көктамырға қан ұйып, соның қабынуынан болатын жағдай. Бұған ұшыраған адам – өзін аурушаң сезінеді, жиі ауырады, терісі қызып, көктамырдың бойы қызарып кетеді.
Трихотиломания – деген, жүйке жүйесі бұзылысының бір түрі. Бұл аурумен ауырған адам өз шашын өзі жұла бергісі келді. Кейде шашымен қоса, кірпік пен қастарын да жұлады.
Тістегі сызат тістің төменгі бөлігінен жоғары бөлігіне дейін жіңішке, кішкентай жарықшақ секілді көрінеді. Оны анықтап қарамасаң көрінбейді де, тіпті ол рентген түсірілімдерінен де байқалмай қалады. Кейде тіпті, қай тістің ауырып тұрғанын білу қиынға соғады (ауруы төменнен жоғары қарай бара жатыр ма, әлде, жоғарыдан төмен қарай бара жатыр ма).
Траншеялық табан – бірнеше күн бойы төменгі температураның әсерінен, суық температурада пайда болатын (бірақ қату температурада емес) жарақат. Аурудың аты Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауынгерлер ылғалды траншеяда тұруының себебінен пайда болған.
Тырнақтардың жарақаттануы – жиі қатты соққыдан немесе қысылып қалудан боалады. Бұл жарақат ауыр дертке жатпайды, бірақ ауырсыну пайда болады.
Тырнақтың астынан қат кетуден туындаған пульсацияны және ауысынуды тырнақтың астынан дренаждау арқылы азайтуға болады. Егер бұны уйде жасауға сенімсіз немесе ыңғайсыз болса, дәрігерге жүгініңіз.
Токсоплазмоз – бұл адамдар, құстар мен жануарлар жиі шалдығатын, көбінесе білінбей қалатын немесе симптомдары әлсіз білінетін, тұмауға (дене температурасының 37 С көтерілуі, лимфатикалық түйіндерінің үлкейуі, 50% жағдайда көкбауыpдың үлкеюі) ұқсас ауру. Алайда бұл инфекция ұрықтың дамуына (анасы жұқтырған болса) және иммунды жүйесі әлсіз адамдарға қатты ауыр тиеді.
Токсикоз – адамды жайсыз сезіндіретін, біртүрлі жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Жүкті әйелдерде токсикоз, олардың организмінде ұрықтың дамуы кезінде зиянды заттармен уланған жағдайда пайда болады.
Анемия - бұл организмде қызыл қан түйіршіктерінің (эритроциттердің) жеткіліксіз мөлшерде түзілгендігінен пайда болады. Эритроциттер дененің ұлпаларына оттегін тасымалдайды. Анемияның көптеген түрлері бар.
Теміртапшылықты анемия темір органының жетіспеушілігінен дамиды. Темір - эритроциттердің пісіп жетілуі үшін қажет.
Буынның негізгі қалыптасқан орнынан қозғалып, немесе бөлініп кетуі – буынның шығуы немесе таюы деп аталады. Мысалы, тізе буыны шығып кетуі мүмкін, бірақ, оны шығару үшін үлкен күш керек. Десе де, тайған буынның толықтай шығып, салбырап қалуы сирек кездеседі. Ал тізе буыны шығып кетсе тез арада көмек көрсерту керек.