Жүктелуде...
 

Мөлдір қабықтың эндотелийлік дистрофиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-13 10:46 - (290 Оқылымдар)

Мөлдір қабықтың (көздің мүйізгек қабығы, қасаң қабық) эндотелийлік дистрофиясы (Фукс дистрофиясы) – бұл көз ауруы. Көз жасушаларын іштен қаптап тұрған қасаң қабықтың зақымдануынан пайда болады, зақымданған жасушалар ақырындап өле бастайды. Ауру әдетте екі көзді де зақымдайды.

Асқынған респираторлы дистресс синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-13 10:32 - (1529 Оқылымдар)

Асқынған респираторлы дистресс-синдромы (АРДС) – өмірге қауіп төндіретін жағдай болып табылады. Бұл өкпенің айрықша өзгеруімен сипатталады, өкпеге баратын қанның құрамында қажетті оттектің жетіспеушілігінен өкпенің жұмысы бұзылысқа тап болады.

Асқынған панкреатит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-13 10:14 - (267 Оқылымдар)

Асқынған панкреатит – қабынып, асқынған ұйқы безі ауруы.

Бұл сурет – іш қуысының жоғарғы бөлігінің компьютерлік томографиясы. Суретте асқынған қабынудан туындаған (панкреатит) ұйқы безі тіндерінің қабынуы және ісінуі айқын көрінеді.

Диафрагмалық жарық

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 12:04 - (378 Оқылымдар)

Диафрагмалық жарық – туа біткен ақау болып табылады. Диафрагма – тыныс алуға қатысатын бұлшықеттерде аномальді саңлаудың болуымен сипатталады.

Тұлғаның диссоциалдық бұзылысы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 12:00 - (1097 Оқылымдар)

Тұлғаның диссоциалдық бұзылысы, жеке адамның психологиясының бұзылған жағдайы деп те айтылады. Адамның тек өз мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі айла-шаралар жасауға, басқа адамның құқығына қарамай және сол ісін өзінің дұрыс санауымен сипатталатын мінезі. Мұндай адам жиі қылмыскер болып жатады.

Дем қысылу немесе тыныстың тарылуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 11:57 - (13244 Оқылымдар)

Дем қысылу – бұл патологиялық жағдай, өкпеден қанға оттегінің жетіспеуінен туындайды. Сондай-ақ, демнің қысылуы өкпенің қандағы көмірқышқыл газын жоя алмауынан да дамиды. Қанда көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуынан, ішкі ағзалардың бүлінуі ғажап емес.

Нәрестелердің сары ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 11:37 - (497 Оқылымдар)

Нәрестелердің сары ауруы – қанда билирубин деңгейінің шамадан тыс жоғарылауынан туындайды. Билирубин – ескі эритроциттердің бұзылуынан пайда болатын сары денешік.

Адам папиллома вирусынан туындаған ауру

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 11:30 - (484 Оқылымдар)

Адам папиллома вирусы (АПВ) кең таралған вирус болып табылады, ол, кондиломалардың түзілуімен сипатталады. АПВ-ның 100-ден астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке соқтырады. АПВ жыныс мүшелерін зақымдайды және инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасағанда таралады. Вирустар қатерлі ісікті тудыруы мүмкіндігі жағынан жоғарғы және төменгі дәрежемен бағаланады. АПВ –ның төменгі қаупті түрі сүйір ұшты кондиломаның түзілуіне жағдай жасап береді. АПВ-ның жоғары қауіпті түрі жатыр мойның, вульваның, қынаптың және әйел адамның анал тесігінің қатерлі ісігін туындатады. Ер адамдарда бұл аурудың салдарынан тік ішекте және жыныс мүшесінде ісік пайда болады.

Көп адамдарда АПВ сүйір ұшты кондилома түзе бермейді, кейде пациенттер ешбір симптом байқамағандығын айтып жатады. Дәрігер сүйір ұшты кондиломаны емдейді немесе жояды. АПВ бар әйелдерді Папаниколау жағындысы бойынша тексергенде ісікке алып келетін жатыр мойының өзгерісін байқауға болады.

Мүшеқаптарды дұрыс қолданғаннан АПВ-ны жұқтыру немесе тарату қаупі азаяды, бірақ одан ауру толығымен тоғытылмайды. Вакциналар АПВ-ның кейбір ісік тудыратын түрлерінен қорғауы мүмкін.

Жұтқыншақ арты абсцессі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 11:25 - (515 Оқылымдар)

Жұтқыншақ арты абсцессі – жұтқыншақтың артқы бетіндегі тіндерге іріңнің жинақталуы. Бұл адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал жағдай.

Тілді таңдау