Жүктелуде...
 

Афтозды стоматит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:25 - (174 Оқылымдар)

Афтозды стоматит – ауыз қуысында ақ-қызыл түсті дөңгелек дақтардың пайда болуын айтады. Мөлшері 1-2 мм-ден басталып 1 см-ге дейін жетеді.Көбінесе афтозды жаралар тілде, ұрттың және еріннің ішкі бетінде, таңдайда пайда болады.Герпес вирустарынан айырмашылығы бұлар жұқпалы емес.

Афтозды стоматиттер әр түрлі жастағы әйел адамдар да көбірек кездеседі.Жараның пайда болу себептері толыққанды белгілі емес, бірақ ауыз қуысына инфекцияның түсуі, күйзеліс, тұқым қуалау және әйелдік гормондар әсерінен пайда болуы мүмкін. Жара қалыпты жағдайда 7-10 күн ішінде жазылады, егер жараның мөлшері 1 см-ден үлкен болатын болса, онда жазылуы 2-4 аптаға дейін ұзаруы мүмкін.

Бактериялық инфекция

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:24 - (184 Оқылымдар)

Бактериялық инфекция – бұл бактериялардан туындайтын инфекция. Өз кезегінде ол қарапайым тері жұқпаларынан бастап оба сияқты күрделі ауруларға дейін кең таралған жұқпалы ауруларды қамтиды.

Ұйқысыздық

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:23 - (200 Оқылымдар)

Әрине, әрқайсымыз өмірде кемінде бір рет болсын ұйқысыздықтан зардап шегеміз. Мұндай жағдай емтихан алдында немесе маңызды кездесулердің алдында орын алуы мүмкін, ол кезде сіз ұйықтауға ерте жатып, жақсы тұруға ниеттенесіз. Бірақ оның орнына бірнеше сағат бойы ұйықтай алмай, ары-бері аунақшақтап алдағы оқиғаларға байланысты түрлі нұсқаларды ойлап кетуіңіз де ықтимал. Немесе кейбір жұмыстағы ауыртпалықтың салдарынан «қатты ұйқы қысса», одан кейін төсегіңізге жатып демалайын десеңіз ол арманыңыз орындаймай-ақ қояды, қырсыққанда, төсегіңіз ыңғайсыз болып көрінеді, кейде әртүрлі шуылдаған дыбыстар жүйкеңізге тиіп, содан ұйықтауға деген ниет біржола жоғалады. Осындай проблемалар адамдардың 30-45% -ында жиі кездеседі және олардың жартысы созылмалы болып келеді.

Құтыру (қояншық ауруы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:21 - (299 Оқылымдар)

Құтыру - вирустық ауру, бұл ауру құтырған жануар тістеп алған кезде пайда болады. Аурудың сипаты: нерв жүйесіне қатты зақым келтіреді және көп жағдайда соңы өліммен аяқталады. Құтырма вирусы (Neuroryctes rabid) Lyssavirus миксовирусстар тобындағы Rhabdoviridae тұқымдастарына жатады.

Миопия (жақыннан көргіштік)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:11 - (323 Оқылымдар)

Миопия дегеніміз не?

Миопияға (жақыннан көре алмау) ұшыраған адамның көзі жақын объектілерді анық көре алады, бірақ алыста орналасқан затты – бұлыңғыр көреді.

Миопияның жоғары сатысы дегеніміз не?

Миопияның жоғарғы сатысы - аурудың ауыр түрі болып саналады. Миопияның ауыр түрі кезінде көз алмасы созылып, ұзын болып созылады. Бұл көз торларында тесіктердің пайда болуына, жарылуына сондай-ақ оның қабаттанып кетуіне соқтыруы мүмкін. Көз торының астынан көру қабілетінің нашарлауына соқтыратын жаңа тамырлар түзілуі мүмкін. Миопияға ұшыраған адамдар медициналық тексеруден жиі өтуге мұқтаж. Ерте анықтау және уақтылы емдеу көрудің жоғалуын болдырмауға көмектеседі.

Виллебранд – Юргенс ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:09 - (147 Оқылымдар)

Виллебранд – Юргенс ауруы - қанның қалыпты ұюының бұзылысымен сипатталатын тұқым қуалайтын қан кету ауруы. Ауру барысында ағзаның қан жүйесінде ақуыз болмайды (фон Виллебранд факторы) немесе ол қызметін дұрыс атқармайды. Мұның салдарынан қан қалыпты ұйымай, жарақат кезінде қан кету көп болады.

Кеуде қуысының ауырсынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:08 - (373 Оқылымдар)

Кеуде қуысының ауырсынуы – кеуде қуысын құрайтын бұлшықеттерде, сүйектерде және шеміршектерде болатын ауырсыну сезімін айтады. Бұл ауырсыну кеуденің арнайы бір бөлігінде болады және сол жерге қысым түскенде арта түседі.

Қолдың, саусақтың ауырсынуы немесе сіресуі, сондай-ақ білезіктегі мәселелер

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:07 - (210 Оқылымдар)

Кейбір іс әрекеттерді қайталағанда, мысалы, үйді әктегенде қолға, саусақтарға және білезікке артық күш түсіп, соның әсерінен уақытша ауырсыну сезімі, ісіну немесе сіресуі пайда болады. Егер сіз жұмыс барысында қалыпты өзгертіп немесе үзіліс жасайтын болсаңыз, симптомдары ақырындап кетеді.

Созылмалы ауырсыну

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:06 - (157 Оқылымдар)

Созылмалы ауырсыну – қандайда бір ауырсынудың үш ай немесе одан да ұзақ уақытқа созылуын айтады. Созылмалы ауырсынуды жарақат немесе белгілі бір ауру тудыруы мүмкін. Сондай-ақ оның себебі белгісіз болуы да ықтимал.

Сүйел

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:01 - (147 Оқылымдар)

Сүйел – бұл сүйел вирусынан туындаған қауіпті емес тері өсіндісі. Сүйел көбінесе аяққа,қолға және бетке шығады, соның кесірінен адамда жуынғанда, қырынғанда жағымсыз сезімі болуы мүмкін.