Жүктелуде...
 

Аяқ-қол веналарында туындайтын проблемалар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:25 - (140 Оқылымдар)

Терінің беткейінде орналасқан вена қабынуы мүмкін. Аталмыш жағдай кез келген венада болуы мүмкін, бірақ көбінесе балтыр веналарында орын алып жатады. Бұл жағдай беткей тромбофлебит деп аталады.

Тістің шығуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:23 - (245 Оқылымдар)

Тістің шығуы - бұр процесс қызыл иекті жарып ең алғашқы тістердің шығуымен сипатталады. Әр сәбидің тісінің шығу уақыты әртүрлі, бірақ көпшілігінде алғашқы тістер 6-8 айлығында шығады. Сәбилердің барлық тістер саны 20, ол үш жасқа дейін жарып шығады.

Тісті шығуы белгілері тіс шыққанға дейінгі 3-5 күн ішінде білінеді, 1-2 ай аралығында бірде пайда болып, бірде жоғалып отырады.

Простатит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:23 - (364 Оқылымдар)

Простатит – бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы болып табылады. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.

Жиі простатиттің себебі белгісіз болып жатады. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес.
Простатиттің себебі инфекция немесе инфекциямен байланысты емес қабыну болуы мүмкін. Ол жедел (қысқа мерзімді) немесе созылмалы (ұзақ мерзімді) болуы мүмкін.

Тік ішек, артқы өтіс және артқы өтіс қысқышы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:22 - (164 Оқылымдар)

Тік ішек - бұл ұзындығы 12,7 см болатын тоқ ішектің (жиек ішек) жалғасы болып келетін бұлшықетті түтік мүше. Тік ішек жиек ішекті артқы өтіс тесігімен байланыстырады, нәжіс артқы өтістің қысқышы арқылы ағзадан шығады.

Теңге қотыр (Псориаз)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:08 - (425 Оқылымдар)

Теңге қотыр (псориаз) - терінің қызаруы мен тітіркенуі пайда болатын тері ауруы. Мұндай ауруы бар адамдардың көпшілігінде терінің ісінуі, қызаруы, сондай-ақ тері үсті қабаттының қабаттануы, қабыршықтану деп аталатын күміс түсті ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады.

Пурпура

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:06 - (131 Оқылымдар)

Пурпура – бұл кенеттен қандай да бір жарақаттың әсерінсіз жергілікті немесе кеңінен таралып пайда болатын ауыр гематома. Пурпура пайда болатын адамдарда жиі басқа аурулардың белгілері кездеседі, мысалы, қызба, қатты шаршағыштық немесе белгісіз бір ауырсыну сезімі (мазасыздық).

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:06 - (155 Оқылымдар)

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуін хош иістендірілген сабын және ұнтақтар, кір жуғыш ұнтақтар, нашар гигиена немесе қатты немесе бояғыш матадан жасалған іш киімдер, сонымен қатар, әйелдерге арналған гигиеналық төсемдері шақыруы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы қыздарда жыныс мүшелерінің терісінің тітіркенуі, әдетте, жеткіліксіз гигиенадан туындайды.

Дабыл жарғағының жарылуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:05 - (286 Оқылымдар)

Дабыл жарғағының жарылуы - бұл жарақаттану нәтижесінде ішкі құлақтың мембранасында пайда болатын тесіктер немесе жарылу. Ортаңғы құлақта сұйықтықтың пайда болуының нәтижесінде дабыл жарғағы жарылуы мүмкін.

Минисктің жарылуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:04 - (175 Оқылымдар)

Минисктің жарылуы – бұл кең таралған жарақаттардың қатарына жатады, атап айтқанда буында амортизатор ретінде қызмет атқарып, сонымен қатар тізе буынын тұрақтандыратын шеміршектің қабы бұзылады. Бұл тін екі дисктен тұрады, оларды ішкі және сыртқы мениск деп атайды.

Орақ тәрізді менисктер ароматизатор ретінде әсер етіп, тізеге түсетін жүктемені көлденең бағытта біркелкі таратады. Менисктің жарылуы жиі тізені орнында тұрып бұрылғанда, жерде қатты тұрғанда болады. Жарақаттың бұл түрі спортпен айналысқанда, мысалы, тенниспен, шаңғы тепкенде кездеседі.

Мидың қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 03:57 - (6814 Оқылымдар)

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУ ЖАЙЫНДАҒЫ ТҮСІНІК

Қатерлі ісік тіндерді түзетін, құрылым элементтерінен, жасушалардан басталады. Тіндер мүшелерді түзеді.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.