Жүктелуде...
 

Бас миы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-20 03:55 - (1954 Оқылымдар)

Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.

Асқазан-өңеш рефлюксі (Гастроэзофагельді рефлюксті ауру)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:55 - (722 Оқылымдар)

Асқазан-өңеш рефлюксі – асқазан мен өңешті бөліп тұратын асқорыту қысқышының (бұлшықеттік тығын) жұмысының бұзылысынан туындайтын жағдай. Бұл асқазанда түзілетін асқазан қышқыл сөлінің өңешке құйылуымен сипатталады.

Иерсиниоз (Жалған туберкулез)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:42 - (375 Оқылымдар)

Ішек иерсиниозы және жалған туберкулез инфекциялық аурулар болып табылады. Олар Yersinia enterocolitica энтероколиттің қоздырғышы болып табылады. Энтероколит – балалық кезде жиі кездесетін аш ішек пен тоқ ішектің қабынуымен сипатталатын ауру.

Жүректің тосыннан тоқтап қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:40 - (1065 Оқылымдар)

Жүректе электірлік жүйе бар, ол жүрек соғысының ритмін бақылайды. Жүректе проблема туындаса, ол жүрек соғысы ритмінің бұзылуынан болады, мұндай күрделі проблеманы аритмия деп атайды.

В гепатитіне қарсы вакциналау

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-19 10:36 - (221 Оқылымдар)

В гепатитіне қарсы вакцина – бауырдың зақымдалуы секілді қауіпті сырқаттардың өршіп кетуінің алдын алатын, балaларға ұсынылған бірден-бір иммундау болып табылады. Бұл ересектергеде ұсынылады.

Верльгоф ауруы (иммунопатологиялық тромбоцитопениялық пурпура)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:33 - (345 Оқылымдар)

Вергольф ауруы немесе иммунопатологиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) қан ұюының бұзылуымен сипатталады. Яғни иммундық жүйе қан ұюына қажетті тромбоцит жасушаларын жояды. Бұл індетке шалдыққан адамдардың қан құрамындағы тромбоциттері өте төмен мөлшерде болады. Оны тромбоцитопения деп атайды.

Тиннит – құлақтағы шуыл

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:27 - (5485 Оқылымдар)

Тиннит – деп, жайшылықта құлаққа түрлі дыбыстардың естілуін айтады. Ол: ызыңдаған, дыңылдаған, шыңылдаған, ысқырылған дыбыстар болуы мүмкін. Олар кейде ақырын немес қатты, жоғары немесе төмен болып естіледі. Кейде бір дыбыс естілсе, кейде бірнеше дыбыс қатар естілетін жағдайлар да болады.

Сүзек (Бөртпелі сүзек, Брилл-Цинссер ауруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:20 - (493 Оқылымдар)

Сүзек – биттер мен бүргелер арқылы таралатын жұқпалы ауру болып табылады.
Пайда болу себептері

Сүзек – паразиттік жәндіктердің шағуы арқылы жұғады. Көпке белгілі бөрпелі сүзектің қоздырғышы Провачек риккетсиясы (Rickettsia prowazekii) болып табылады, оны тасымалдаушы – киім биті мен бас биті.

Брилл-Цинссер ауруы – эпидемиялық сүзектің жеңіл формасы. Бұл ауру - Провачек риккетсиясын бұрын жұқтырған адамдарда, сол инфекцияның қайта қозуы барысында туындайды. Бұл аурудан көбінесе ересек адамдар зардап шегеді.

Агаммаглобулинемия (Брутон ауруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:17 - (256 Оқылымдар)

Агаммаглобулинемия немесе Брутон ауруы – тұқым қуалайтын ауру. Бұған шалдыққан адамның ағзасынан иммуноглобулин немесе антидене деп аталатын саны аз иммундық молекулалар бөлінеді. Негізі олар, ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғау үшін бөлінетін. Ал мұндай ақаулы антиденелердің бөлінуінен ағзаға түрлі инфекциялар түсіп, зақымданады.

Қылилық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:34 - (4894 Оқылымдар)

Қылилық ауруы – екі көздің бірдей қозғалмауымен сипатталады. Яғни екі көз бір нысанаға бірдей түспейді. Бұл ауру көпшілікке «қыли көз» атымен белгілі.

Адамдарға көздің қалыпты орналасу тәртібі белгілі. Адамның қайда қарап тұрғанын көзінің қозғалысына қарап анықтауға болады. Ал екі көздің екі жаққа қарап тұрғаны адамдарға ерсі көрінетін жайт. Мүны қыли көздік деп атайды. Мұны медициналық терминологияда көздің іші мен сыртының үйлесімсіздігі деп атайды. Баланың көзі кез-келген жағдайда қылилана бастаса, оны дереу анықтау қажет, себебі ол өскенде үлкен бұзылыстарға апарып соғы да ықтимал.