Ересек балалаp мен үлкендерде болатын шок
Жарияланды 2018-10-29 11:07 - (629 Оқылымдар) -Шок - адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жатады. Шұғыл медициналық араласу адам өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Шок - адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жатады. Шұғыл медициналық араласу адам өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Профессор Алмаз Шарманның аталмыш интернет монографиясы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы» деген атпен ең алғаш көріп отыр. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы деген сілтемеде, «жүктеу» деген батырманы басу арқылы монографияны pdf форматта, 6,02 МВ көлемде толық жүктеп алуға болады. Оның төменгі жағында мақала түріндегі бөлімдерін жеке-жеке көшіріп алсаңыздар да жарайды.
Тақырыптың өзектілігі сонша, бүгінгі таңда адамзат баласына аса зор қауіп төндіріп тұрған АИТВ және ЖИТС мәселелері жаңа қырынан қозғалған. Қазіргі таңда ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу үшін жасалып жатқан нәтижелі амал-шаралар мен шығарылып жатқан дәрі-дәрмектер жайында да ұтымды ойлар, келелі пікірлер айтылған. Соңғы уақытта бұл Қазақстан үшін де аса маңызды мәселелердің қатарына көтерілді, оған мысал ретінде, жақында ғана орын алған Оңтүстік-Қазақстанда орын алған қайғылы жағдайды айтсақ болады. Бар-жоғы 20 жылдың ішінде АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-нан туындаған адамның ашық иммун тапшылығы синдромы 20 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған екен. Аталмыш вирустың пайда болуы, сондай-ақ әсер ету механизмі әлі күнге дейін адамзат баласы үшін шешілмеген жұмбақ күйінде келе жатыр. Заман талабына сай АИТВ-инфекциясына қарсы терапиялар, ұтымды әдісті диагностикалар жасалып жатқанымен, аурулар сол күйі сауығар емес.
Әйелдердің ішінің төменгі жағы мен жамбасының ауруы кем дегенде 6 айға созылса, оны созылмалы ауырсыну деп атайды. Ауру сипаттары тұрақты немесе өтпелі болуы мүмкін, сонымен қатар қатты және әлсіз ауырсынулар болады.
Целлюлит –генетикалық түрде тек әйелдің денесіне тән созылмалы патология болып табылады. Целлюлиттің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін: генетикалық, эндокриндік, энзимдік , психосоматикалық, токсикалық және ең маңыздысы тамырлық. Бұрын бұл ауруды – липодистрофия, пассивті май (жойылмайтын майдың күрделі түзілісі) деп атаған. Бірақ, «целлюлит» деген термині бекітіліп, денсаулық пен сұлулық сөздіктерінде ерекше орынға ие болды. Еуропа мен АҚШ-та целлюлит мәселесі 1957 жылдан бері маңызды орын алып келеді. Және содан бері қарай, белгілі бір емдеу нәтижелеріне де қол жеткізді.
Хондрогенез (хондромалакция деп те аталады ) – негізінен тізенің артқы жағындағы тегіс шеміршектің патологиялық жұмсаруы немесе бұзылуы. Тізе бүгіп отыру барысында, баспалдақтармен төмен түскенде, ұзақ уақыт бойы отырғанда шеміршектің ауырсынуы пайда болады.
Хламидиоз – ерлердің және әйелдердің несеп жолдарында, жатыр мойынында немесе репродуктивті органдарында (кейде барлық үш органдарда да ) бактериялық инфекциясының пайда болуы . Хламидиялар жыныстық жолмен беріледі. Көптеген елдерде бұл аурудың түрлері кеңінен таралған.
Холестерин - организмнің көптеген маңызды функцияларына қажет болатын майдың түрі (липид). Мысалы, ол жаңа жасушалардың қалыптасуына қатысады. Холестериннің жоғары мөлшерде болуы жүрек ауруы мен инсульт қаупін арттырады.
Фотофобия – адамның жасанды немесе табиғи жарыққа қалыпты қарай алмауы. Бұл ақау көбінесе көздің құбылмалы қабығының қабынуынан, инфекция түскеннен, немесе шын айнаның (роговицы) зақымдануынан пайда болады.
Цистикалық фиброз (Муковисцидоз) өкпе, асқазан-ішек жолында және басқа органдарда қалың, тұтқыр шырыштың жиналуынан пайда болатын ауру. Бұл балар мен жасөспірімдер арасында кең таралған созылмалы өкпе ауруы. Ол адам өміріне қауіпті болып табылады.
Жүрекшенің фибрилляциясы (бүлкілдеуі) – бұл тұрақталып қалған қалыпсыз жүрек соғысының кең таралған түрі. Жүрекшенің бүлкілдеуі кезінде жүректің үстінгі құлағы дұрыс соқпай тұрады, ол қан айналына, жүректің соғу күшіне, және де организмнің басқа да бөліктеріне әсер етеді.