Ойық жаралы-шірік гингивит
Жарияланды 2018-12-24 07:02 - (2360 Оқылымдар) -Ойық жаралы-шірік гингивит («траншеялы ауыз») – бұл аурулы бактериялық инфекция, қызыл иекте қабынбалы ойық жара түрінде дамиды.
Ойық жаралы-шірік гингивит («траншеялы ауыз») – бұл аурулы бактериялық инфекция, қызыл иекте қабынбалы ойық жара түрінде дамиды.
«Ауыздың ашып ауруы» синдромы – ауыз қуысында, ерінде , немесе тілде ауырсыну және жайсыздық белгілерінің пайда болуын айтады. Егер бұл ауырсынудың нақты басқа да себептері болмаса, онда бұл «Ауыздың ашып ауруы» синдромының алғашқы белгілері болып табылады. Егер ауырсыну басқа ауру түріне байланысты болса, онда бұл – екіншілік «Ауыздың ашып ауруы» синдромы деп аталады.
«Ауыздың ашып ауруы» синдромы ер және әйелдер арасында бірдей тараған, дегенмен, әйел адамдар арасында жиі кездеседі. Көбінесе әйелдердің менапауза немесе содан кейінгі кезеңдеріне тән жағдай болып табылады.
Розацеа (қызғылт безеу) – беттің қызарып ісінуімен сипатталатын, терінің созылмалы ауруы. Сондай-ақ, оның сыртқы түрі безеуге ұқсас ісіктің және жараның пайда болуымен көрініс береді.
Мұрын қуысы мен тамақтағы бездер үздіксіз шырыш бөліп отырады (тәулігіне бірден екі квартқа дейін). Шырыштар мұрын мембраналарын дымқылдандырады және тазартып тұрады, ауаны ылғалдандырады, мұрын қуысына ауамен араласып кіріп кететін зиянды заттарды жібермей ұстап тұрады, және олардан тазартады. Қалыпты күйде шырыштар білінбей жұтылып кетеді. Шырыштардың тамаққа жиналуы мұрынның артқы қабырғасына дамуы – постназальді синдром деп аталады. Бұл ауру шырыштың шамадан тыс көп бөлінуімен, тамақтағы жұтыну бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуымен сипатталады.
Қандайда бір себептермен түскен тұрақты тістерді, кей жағдайда орнына қайта салуға болады. Негізінде қайта қойылатыны тек тұрақты тістер, сүтті тістер қайта қалпына келмейді.
Жалпақ жасушалы қатерлі ісік – бұл жиі кездесетін терінің қауіпті ісігі.
Жалпақ жасушалы қатерлі ісік зақымданбаған теріде де пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ ол терінің жарақат алған жерінен де, қабынған бөлігінен де дамиды. Жалпақ жасушалы карциномалар көбінесе күннің жарығына немесе басқа да ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшыраған терілерде пайда болады екен.
Беттің ісінуі сұйықтар мен тіндердің жиналу салдарынан туындайды. Олар сондай-ақ, мойын мен иық жаққа да таралады.
Мукоцеле (шырышты жылауық) – бұл еріннің ішкі жоғарғы жағында орналасқан, ауртпайтын, шіңішке қалта. Ол түссіз сұйықтықтан құралған.
Лейкоплакия ауруы тілде, ауыз қуысында немесе ұрттың беткі қабатында қақтардың пайда болуымен сипатталады.
Қызыл жалпақ теміреткі – теріде күлгін немесе қызыл-күлгін, қышытатын төмпешіктердің пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл төмпешіктердің үсті жалпақ әрі бұдырлау келеді. Егер төмпешіктердің үстіне мұқият қарасаңыз, ол жерден ақ қабыршықтар мен ұлпаларды байқайсыз.