Жүктелуде...
 

Диабеттік кома

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 04:33 - (320 Оқылымдар)

Диабеттік кома – диабеттің өмір үшін қатерлі асқынуы, бұл кезде адам есін жоғалтуға дейін барады. Қандағы қанттың жоғары (гипергликемия) немесе төмен (гипогликемия) мөлшері аса қауіпті, себебі, екеуі де диабеттік комаға апаруы мүмкін. Диабеттік комаға ұшыраған науқас тірі болғанмен, оның жағдай ұйқыдағыдай секілді, есін толығымен жоғалтады, сыртқы тітіркендіргіштерге серпіні болмайды. Шұғыл ем көрсетілмеген жағдайда диабеттік кома өлім-жітімге апарады. Диабеттік команың пайда болу ықтималдығы өмір үшін қауіпті, бірақ, оның алдын алуға болады. Ол үшін алдымен, диабетті дұрыс емдеуден бастау қажет.

Диабет

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 08:26 - (174 Оқылымдар)

Диабет – бұл қандағы қанттың деңгейінің артуымен сипатталатын созылмалы ауру.

Инсулин – ұйқыбезінің қандағы қант деңгейін бақылау үшін өндіретін гормоны. Диабет инсулиннің өндірілуінің төмендеуімен, инсулинге тұрақтылықпен (төтемелілік) немесе екі себептің де салдарына байланысты болуы мүмкін.

Депрессия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 08:15 - (181 Оқылымдар)

Депрессия – күрделі эмоционалдық (аффективті) бұзылыс, бұл кезде ұдайы уайым, мұң, ашулану, фрустрация (тілектің мүмкіндікке сай болмауы), күштің болмауы адамның күнделікті өміріне теріс әсер етеді. Клиникалық депрессия апталар, айлар, жылдар бойы созылуы мүмкін.

Дегидратация (сусыздану)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 07:52 - (383 Оқылымдар)

Дегидратация (сусыздану) – организмде судың және сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмайтын жағдай.

Дегидратация жеңіл, орташа немесе ауыр болады, ол организмнің жоғалтқан немесе толықтырылмаған сұйықтығының көлеміне байланысты. Ауыр дегидратация өмір үшін аса қауіпті жағдай.

Цистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 07:49 - (432 Оқылымдар)

Цистит – қуықтың сілемей қабатының қабынуы (сондай-ақ, қараңыз: Несепқап (қуық) инфекциясы). Бұл несеп-жыныс ағзаларының ішіндегі ең кең таралған қабыну ауруларының бірі. Әйелдердің 20-25 % циститтің қандай да бір түріне шалдығады, ал 10 % созылмалы циститтен зардап шегеді, бұл сан жыл сайын үздіксіз арта түсуде. Ерлер бұл аурумен сирек ауырады – цистит ерлердің 0,5%-да кездеседі.

Циститтің алғашқы және екінші, жіті және созылмалы, жұқпалы және жұқпалы емес түрлері болады.

Целиакия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 07:31 - (337 Оқылымдар)

Целиакия ауруы - тамаққа глютенді қолдану барысында асқорыту жүйесіндегі аш ішектің бұзылуымен сипатталады. Глютен – ақуызда, бидай мен арпаның құрамында болады. Целиакиямен ауыратын адамдар үшін глютен «у» болып саналады.

Бүйректің созылмалы ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 07:06 - (501 Оқылымдар)

Бүйректің созылмалы ауруы – бүйректің зақымдануымен және қызметінің біртіндеп бұзылысымен сипатталатын ауру. Бүйректің негізгі қызметі – организмнен залмасу өнімдерін және артық суды сыртқа шығару.

Бұлшық еттің созылуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 07:05 - (197 Оқылымдар)

Бұлшық еттің созылуының көпшілігі (тартылған бұлшық ет) бұлшық еттің шамадан тыс созылуынан туындайды. Созылулар әлсіз немесе күшті болуы мүмкін, мысалы, бұлшық еттің немесе сіңірдің үзілуі.

Бруцеллёз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-17 07:03 - (179 Оқылымдар)

Бруцеллёз (Син. Банг ауруы, Брюс ауруы, мелитококкоз) – инфекциялық ауру, ұзақ өтуімен, жүйке және жүpек-қантамыр жүйелерін, сондай-ақ, сүйек-буын аппаратын зақымдаумен сипатталады.

Бруцеллёздың қоздырғыштары — бруцелла тектес бактериялар — төмен температураны және мұздатуды жақсы көтереді, суда 5 айға дейін, топырақта — 3 ай және одан жоғары, сиыр сүтінде — 45 күнге дейін, жұмсақ сүзбеде (брынза) — 60 күнге дейін, майда, кілегейде, простоквашада, балғын сырда — олардың тағамдық құндылығы бойы сақталады; мұздатылған етте — 5 айдан артық, тұздалған теріде — 2 ай, жүнде — 3—4 айға дейін сақталады. Сүтті қайнатқанда, пастерлегенде бруцеллалар жойылады. Зарарсыздандыратын құралдар бактерияларды бірнеше минут ішінде жояды.

Бруцеллёзбен көбінесе, үй жануарлары ауырады (ешкі, қой, сиыр, шошқа), бұл кезде жануарларда түсіктер немесе өлі туу байқалады. Бруцеллалар қоршаған ортаға ауыратын жануарлардың сүтімен, несебімен және түсік кезінде жатырдан бөліндімен түседі. Бруцеллёздың қоздырғыштары сондай-ақ, ауыратын жануарлардың етінде болады.