Жүктелуде...
 

Естен тану (Ессіздік)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 04:55 - (153 Оқылымдар)

Адам есінен танған сәтте қоршаған ортадағы болып жатқанға әрекет етпейді, жауап қайтармайды және еш байланысқа түспейді. Есті жоғалтуды көбінесе «нокаут» ретіне сипаттайды.

Есінен танып жатқан адамды сезімге келтіру әрекеттері сәтсіз болуы мүмкін. Адам мүлдем жауап бермеуі мүмкін немесе ыңырсу, ессіз қозғалыстар арқылы жауап беруі мүмкін.

Бел ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 04:40 - (39726 Оқылымдар)

Бел ауруы деген не және оның туындауына не себеп бар?

Бел - бұл сүйектен, бұлшықеттен, байламдардан тұратын құрылым. Анықтамасын толықтыра кетсек, оны топса (шарнир) десе де болады, себебі ол дененің үстіңгі жағы мен төменгі жағын жалғап тұрады, абайламаса, ол тез жарақаттанады, мысалы, сіз ауыр көтеріп қалсаңыз, не бірнәрсені күшпен итерсеңіз, не болмаса омыртқаңызды тосыннан бұрап алсаңыз, оны зақымдап алуыңыз ықтимал. Сіз кейде түсініп қалуыңыз мүмкін, айталық, біз, (әр адам) мықты, мығым белге мұқтажбыз, кейде беліңіздің иілгіш болғанын сондай қалап кететін жағдайларыңыз да болатын шығар. Бірақ, неге екенін қайдам, көпшілігіміз беліміз ауырмайынша, арқадағы және іштегі бұлшықеттердің өңін сақтап қалудың маңыздылығы туралы ойлай бермейміз.

Инфекциялық эндокардит (Эндокардит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 12:14 - (538 Оқылымдар)

Инфекциялық эндокардит немесе Эндокардит– жүректің қақпақшалары мен камераларының ішкі қабығының инфекциясы.

Омыртқаның қисаюы (сколиоз)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 12:09 - (10130 Оқылымдар)

Сколиоз – омыртқаның қисаюы. Сіздің арқаңыздың дәл ортасында орналасқан омыртқаңыз бүкіл ағзаңыздың негізгі тірегі болып табылады. Кез келген салауатты адамда омыртқасы сәл бүгулі түрде болады. Дегенмен, сколиоздан зардап шегетін адамдарда жұлын бағанасының тым қатты қисаюы байқалады. Мұндай адамдардың омыртқасының иілген түрі «С» немесе латынша «S» әріпіне ұқсас болады.

Инфекциялық мононуклеоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 12:03 - (200 Оқылымдар)

Инфекциялық мононуклеоз немесе бездік қызба, сүйісу ауруы – бұл инфекция көп жағдайда Эпштейн-Барр вирусынан туындайды. Аталмыш вирус сілекей арқылы таралатындықтан, кейде мұны «сүйісу ауруы» деп аталады.

Бөгде зат

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-20 11:58 - (158 Оқылымдар)

Бөгде зат – шаң мен паразиттері бар, сіздің ағзаңызға енген зат. Егер сізге кез-келген тікенек қадалса, немесе, сіздің көзіңізге құм түсіп кетсе, дәл осылар бөтен затқа мысал бола алады.

Жарық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 11:43 - (177 Оқылымдар)

Жарық – бұл іш (ішастар) қуысының қабығынан түзілген қап. Жарық саңылау немесе бұлшықеттерді жауып тұрған ішастар қуысының әлсіз жерлері арқылы сыртқа шығады. Бұл қабық фасция деп аталады.

Пресбиакузис (кәрілердегі құлақ мүкістігі)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:28 - (171 Оқылымдар)

Кәрілердегі құлақ мүкістігі – жас шамасына байланысты жоғары жиіліктікті есту қабілетінің үдемелі түрде жоғалуы болып табылады. Бастапқы симптомы сөйлеуді қабылдаудағы қиындықтардың болуы (әсіресе фондық шу жағдайында).

Кәріліктегі есту қабілетінің жоғалуына нақты себептің бар-жоғы белгісіз, мысалға қатты шудың ұзақ уақыт болуы әсерін алсақ та. Алайда, бұл генетикалық бейімділік ретінде көрінеді, өйткені отбасылардағы адамдарда пресбиакузистің пайда болу үрдісі байқалып жатады.

Ұстама

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:27 - (170 Оқылымдар)

Ұстама - адамның бұлшықеттерінің қозғалуын, сөйлеуін, көруін немесе сана-сезімін бақылауға әсер ететін мидағы ауытқымалы электрлік белсенділіктің кенеттен пайда болуы болып табылады. Ұстаманың нәтижесі адамның жеке реакциясына, сондай-ақ түріне, жиілігіне және ауырлығына байланысты.

Түнгі апноэ ұстамалары

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:26 - (1471 Оқылымдар)

Түнгі апноэ ұстамалары ересек адам тыныс алғанда 10 секунд бойы ұйқы кезінде оны баяулатқан немесе кешіктірген кезде пайда болады. Олар бір сағат ішінде дем алуды тоқтату (апноэ) немесе оның баяулату (гипонеа) санына байланысты күшті, қалыпты немесе әлсіз болуы мүмкін.

Тілді таңдау