Жүрек ұстамасы
Жарияланды 2018-08-07 10:57 - (1523 Оқылымдар) -Жүрек ұстамасы ( миокард инфаркті ) жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен және қан ағымының төмендеуінен (ишемия) және бұлшық еттің осы бөлігінің беріштенуінен (жойылуы) пайда болады.
Жүрек бұлшық етінің беріштенуі - миокард инфаркты, ал бірінші сағатта ұстамадан болған өлім-жітім – кенеттен жүректен болған немесе коронарлық өлім-жітім аталады.