Жүктелуде...
 

Ас қорыту жолдарының инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:34 - (229 Оқылымдар)

Гастроэнтерит – бұл вирустардың, бактериялардың немесе паразиттердің салдарынан ішектің сілемей қабатының қабынуы. Вирусты гастроэнтерит көптеген елдерде аталған аурулардың ішінде екінші орында. Жиі себебі - норовирустық инфекция. Ауру вируспен ластанған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ, жұқпаланған адаммен қатынаста таралады. Ең жақсы алдын алу – қолды жиі жуу.

Кортикостероидтар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:31 - (184 Оқылымдар)

Кортикостероидтар –бірқатар ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілік препараттар. Бұл препараттар күйзеліске,жарақатқа байланысты туындаған ауруларға жауап ретінде бүйрек үсті безінде өндірілетін гормондарға ұқсайды. Олардың әсер ету механизмі қабынуды азайтуымен және иммундық жүйеге әсер етуімен байланысты.

Конъюктивит

Автор: tair - Жарияланды 2018-07-24 11:29 - (178 Оқылымдар)

Конъюнктива және конъюнктивит дегеніміз не? Конъюнктива – көздің сілемей қабатын, қабақтың ішкі бетін және көз ұясының алдыңғы бөлігін жауып тұрады. Ол көзді бактериялар мен түрлі химиялық тітіркендіргіштерден қорғайды. бактериялар мен химиялық заттектер түскенде көз жасының бездері сұйықтықты – көз жасын бөледі, олар бактериялар мен химиялық заттектерді ерітіп, шаяды. Сонымен қатар, көз жасында бактерияларды жоюға қабілетті ферменттер мен антиденелер болады.

Контузия немесе «мидың шайқалуы»

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:21 - (145 Оқылымдар)

Мидың шайқалуы – күрделі ауру, бұл кезде шайқалуды туындатқан жарақаттан кейін соңғы бірнеше апта, ал кейде бірнеше ай өткенде бас ауруы немесе бас айналуы секілді симптомдар пайда болады.

Мидың шайқалуы дегеніміз – жеңіл бассүйек-ми жарақаты, көбінесе, бастың соққысынан кейін пайда болады. Есті жоғалту мұндай диагнозды қою үшін міндетті шарт емес. Шын мәнісінде, мидың шайқалуының даму қаупі бастапқы жарақаттың ауырлығымен байланысты емес.

Көптеген адамдарда аурудың симптомдары алғашқы 7-10 күнде пайда болады және жарақаттан кейін үш ай ішінде өтеді, бірақ, кейде бір жыл бойы немесе одан ұзақ уақыт бойы сақталады. Мидың шайқалуын емдеу аурудың симптомдарын жеңілдетуге бағытталған.

Контрацепция және отбасын жоспарлау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:04 - (400 Оқылымдар)

Қандай контрацепция түрін таңдау түрлі факторларға байланысты, оның ішінде, денсаулыққа, жыныстық қатынастың жиілігіне, бала өрбітуге тілектің болуына.

Көмейдің стрептококктық қабынуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:03 - (121 Оқылымдар)

Көпшілік фарингиттердің себебі – вирус. Фарингит өздігінше, медициналық жәрдемсіз өтеді. Алайда, фарингит көмейдің стрептококктық қабынуының - бактериядан туындаған – бактериалдық жұқпаланудың симптомы болуы мүмкін.

Көктамырдың (венаның) варикоздық кеңеюі (варикоз)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 10:56 - (174 Оқылымдар)

Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі – тері астында көрінетін, ісінген, кедір-бұдырланған және ұлғайған веналар. Көбінесе, олар қызыл немесе көк түсті болады. Олар әдетте, аяқта пайда болады, бірақ, дененің басқа бөліктерінде де пайда болады.

Кегель жаттығулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:26 - (1353 Оқылымдар)

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

Қажу (қатты шаршау)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:17 - (160 Оқылымдар)

Қажу – шаршауды, әлсіздікті, күштің болмауын сезіну.

Қажуды ұйқы басудан айыра білу қажет. Ұйқы басуы – ұйқыға арналмаған уақытта ұйқысы келуді сезіну.

Қажу – энергия мен күштің болмауы. Ұйқы басуы және апатия (айналаға көңіл бөлмеу) қажудың белгілері болуы мүмкін.

Қажу – организмнің денелік, көңіл-күйлік ширығуына, зерігуге немесе ұйқысыздыққа қалыпты және негізгі жауапты серпіні болуы мүмкін. Алайда, бұл күрделі психикалық немесе денелік жағдайдың белгісі де болуы мүмкін. Егер қажу жеткілікті ұйқыдан, жақсы тамақтанудан немесе тыныштану жағдайынан кейін де басылмаса, дәрігерге көріну қажет. Қажу – жалпы симптом және күрделі аурудың себебі емес.

Қажуды толық сипаттау – дәрігерге оның себебін анықтауға көмектесуі мүмкін. Мысалы, егер таңертең қалыпты жағдайда оянсаңыз, бірақ, қажу жүктемеден кейін тез орнайтын болса, оның себебі қалқанша бездің қызметімен байланысты болуы мүмкін. Ал басқа жағынан, егер күні бойына созылатын қажу және энергия жетіспеу сезімімен оянатын болсаңыз, бұл депрессиялық жағдай болуы мүмкін.

Тілді таңдау