Жүктелуде...
 

Тамақтан кейінгі серуен денсаулыққа пайдалы

Тамақтан кейінгі серуен денсаулыққа пайдалы

translator Сейсенбі маусым 16, 2020


05 06 2020

Тамақтанғаннан кейін таза ауада жүріп серуендеу – қант диабетін болдырмаудың ең тиімді жолы. Тамақтанғаннан соң жасалатын қозғалыс, жатып тынығуға қарағанда әлдеқайда қандағы қанттың деңгейінің төмендеуіне көмектеседі екен.

Сіз ауқаттанғаннан соң бірден жатып, ұйықтағыңыз келе ме? Оның орнына аздап серуендеп келіңіз. Жақында жүргізілген зерттеуге сәйкес, тамақтан кейінгі 15 минуттық серуен кел-келген уақыттағы 45 минуттық серуенге қарағанда қандағы қант деңгейінің төмендеуіне көмектеседі.

Тамақтанғаннан кейін итпен серуендеуді немесе дүкен аралап сауда жасауды, әлде жүгіруді шешкен болсаңыз, не болса да тамақтан кейінгі кез-келген физикалық белсенділік қандағы қант деңгейінің жоғарлауына жол бермейді. Қандағы глюкоза деңгейінің жоғары болуы – 2 типті қант диабеті мен жүрек ауруының пайда болуының негізгі себептерінің бірі.

Түскі астан кейінгі серуеннің пайдасы қандағы қант деңгейін бақылау ғана емес. Осыған ұқсас физикалық белсенділік ағзадағы май қышқылдарының (триглицеридтердің) деңгейін теңестіруге көмектеседі.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.