Бұл не? Жамбас мүшелерінің қабынуы (ЖМҚ) – бұл термин жатырдың фаллопий түтігінің, аналық бездердің қабынуын (әйелдің жамбас ағзалары) сипаттау үшін пайдаланылады. ЖМҚ әдетте бактериялық инфекцияларды шақырады, мысалы, гонорея немесе хламидиоз. Әдетте, жатыр ішілік спиральды қолданатын әйелдерде ЖМҚ қаупі жоғары, себебі спираль – бактериялардың жатырдың ішіне, түтікке және аналық бездерге енуіне мүмкіндік береді. Жамбас мүшелерінің қабынуы 25 жасқа дейінгі және төсек қатынасында белсенді әйелдерде жиі кездеседі.
ЖМҚ еш симптомсыз пайда болуы мүмкін. Алайда, олар болғанның өзінде, мыналарды қамтуы мүмкін:
• Бел аймағындағы ауру сезімі: әдетте, бір немесе екі аяққа да берілуі мүмкін.
• Жүрек айнуы, дене қызуының жоғарылауы.
• Дененің әлсіздігі немесе ыңғайсыздық сезімі.
• Жыныстық қатынас кезіндегі ауру сезімі.
• Мезгілсіз менструалды қан кетулер .
Қандай асқынулары бар? Жамбас инфекциясынан кейін тыртық қалса, ол кейін қатты ауыртып, бедеулікке дейін себепші болуы мүмкін. Сондай-ақ, ЖМҚ, әйелдерде жатырдан тыс жүктілік қаупін тудыруы да ғажап емес. Егер алда-жалда жағдай соған апарса, ұрық жұмыртқасы жатырдан тыс, фаллопий түтігіне еніп, іштегі басқа мүшелерге кері әсер етеді. Жатырдан тыс жүктілік қаупі, сау әйелдерге қарағанда, ЖМҚ-мен зардап шеккен науқастарда 7-10 есе жоғары кездеседі. Бұрын-сонды жамбас мүшелерінің қабынуы болған әйелдердің де, бұл ауруға қайта душар болып қалуы әбден мүмкін.
Емдеу
Емдеу кезінде қабынуға және бактерияға қарсы дәрілер қамтылады. Клиникалық ауру симптомдары бар әйелдер, дәрігерге қаралудан бұрын жыныстық қатынасты тоқтата тұрғаны дұрыс. Бұл амал арқылы олар өз жолдасының инфекциямен залалдануының алдын алады.
Тегтер:
гонорея
хламидиоз
төменгі жақтың ауруы
етеккірдің бұзылуы
Жамбас мүшелерінің қабынуы
Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:00 - (111 Оқылымдар)Бұл не? Жамбас мүшелерінің қабынуы (ЖМҚ) – бұл термин жатырдың фаллопий түтігінің, аналық бездердің қабынуын (әйелдің жамбас ағзалары) сипаттау үшін пайдаланылады. ЖМҚ әдетте бактериялық инфекцияларды шақырады, мысалы, гонорея немесе хламидиоз. Әдетте, жатыр ішілік спиральды қолданатын әйелдерде ЖМҚ қаупі жоғары, себебі спираль – бактериялардың жатырдың ішіне, түтікке және аналық бездерге енуіне мүмкіндік береді. Жамбас мүшелерінің қабынуы 25 жасқа дейінгі және төсек қатынасында белсенді әйелдерде жиі кездеседі.