No title specified

translator дүйсенбі тамыз 17, 2020

иммунка

Бүгінде көптеген адамдар коронавирустың қандай екенін елестете алады. Алайда, коронавируспен күрескен кезде біздің ағзамызда не болатынын елестету оңайға соқпас, мен сіздерге осы жайында айтқым келіп отыр. Әңгіме иммундық жүйе туралы болмақ, оны жан-жақты зерттеуге кәсіби қызметімнің қырық жылдай уақытын арнаппын.

Вирус біздің ағзамызға енген кезде, ол бізді қорғауға арналған көптеген иммундық жасушалар мен молекулаларды жұқмылдырады. Вирустар аз мөлшерде болса, олар оны залалсыздандыруға қабілетті. Бірақ, көп мөлшердегі вирустармен күресу үшін иммундық жүйе мұндай шабуылға дайын болуы керек. Көбінде ол бұған дайын болмай шығады, вирус біздің өкпеміз бен басқа да мүшелерімізді зақымдап, ауруға әкеледі.

Мұндай жағдайды болдыртпауда иммундық жүйеміз миллиондаған түрлі бактериялар мен вирустармен сәтті күресу үшін мобилизациялануы керек. Бұл қалай болады?

Вирусты танығаннан кейін иммундық жасуша бірден Т-жасушалары және В-жасушалары деп аталатын оң мыңдаған ұқсас клондарды тудырады. Міне, бізге вирустарға қарсы күресуге көмектесетін «әскеріміз» осы.

Ал бұл жасушалар антеденелер деп аталатын молекулаларды шығару арқылы күреседі. Олар вирусты байланыстырады және залалсыздандырады. Бұл оның одан әрі көбейіп, ішкі ағзамызға енуіне жол бермейді. Содан кейін иммундық жасушалар шегінеді, бірақ жойылып кетпейді. Олар әрдайым «дұшпандарын» толық жауынгерлік әзірлікте күтеді. Мұндай иммундық қорғанысты, жауынгерлік иммундық жасушалардың жеткілікті үлкен армиясын жинау үшін ағзаға бірнеше апта қажет.

Өкінішке орай, көптеген адамдардың иммундық жүйесі өз ресурстарын жеткілікті мөлшерде жұмылдыруға үлгермей жатқандығынан, коронавирус еш кедергісіз ағзаны жаулап, ауру туғызуда. Бұған егде жастағы адамдар, әсіресе әртүрлі созылмалы аурулармен ауыратындар көбірек бейім келеді. Олардың иммундық жүйесі әлсіз, сыртқы жаумен кездесуге еш дайын емес.

Көптеген ғалымдар антиденелердің қалыптасуы біздің коронавирустық инфекциядан ұзақ уақыт қорғануымыз үшін жеткіліксіз деп санайды. Кейбіреулер коронавируспен ауырған адамдардың қайтадан вирусты жұқтыруы мүмкін деседі. Алайда, антиденелерден басқа, иммундық жүйе инфекцияға қарсы күресу үшін басқа механизмдерді қолданатын иммундық жасушалардың өздерін де пайдаланады. Бұл механизмдерді коронавирусқа қарсы күресте қолдану үшін әлі де зерттеу қажет.

Көптеген адамдар өздерінің иммундық қорғанысын күшейтіп, коронавирус пен басқа да инфекцияларға қарсы тұруға дайын болғылары келеді. Ал ол үшін не қажет?

Бірден ескерткім келетіні, иммунитетті ынталандыратын ешқандай кереметтей дәрі-дәрмектер немесе биологиялық белсенді қоспалар жоқ. Бұған қатысты жарнамаларға және желілік маркетологтарға сенбеңіз.

Иммундық қорғанысты күшейту үшін құнарлы тамақтанып, негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көп пайдалану керек. Олар А, В6, С, D, Е дәрумендері мен цинк, фолий қышқылы, селен, мырыш, темірге бай. Бұл иммундық қорғаныс үшін, сондай-ақ қан тамырларын нығайту үшін аса маңызды. Одан бөлек, физикалық тұрғыдан белсенді болу керек. Жаман әдеттерден арылып, дұрыс ұйықтап, стресстік жағдайлардан аулақ болған жөн.

Сонымен, иммундық қорғаныс көп жағдайда микробиом деп аталатын ішек микробтарының балансына байланысты. Микробиомды қалыптандыру, оның балансын орнату ашыған сүт өнімдері мен басқа да ферменттелген (қатты ашыған) өнімдердің құрамында болатын пайдалы микробтардың көмегімен мүмкін болады.

Бұл жайында мен өзімнің «Денсаулықтың сегіз құпиясы: заманауи номадтың жан сыры» атты кітабымда кеңірек жазған болатынмын. Аталмыш еңбекте денсаулықты нығайтуға және аурудың алдын алуға арналған сегіз қағида ұсынылған.

Коронавирустық пандемиямен күрес әлі аяқталған жоқ. Дүниежүзінің ғалымдары коронавирус індетін емдейтін тиімді дәрілер мен вакциналарды іздестіру үстінде. Бізге міндетіміз олар үшін уақыт ұтып, жағдай жасау. Ол үшін бәрімізге қазіргі жағдайда әдеттегі ережелерді ұстануымыз өте маңызды, атап айтқанда маска тағу, адамдар көп жиналатын іс-шараларға барудан тас тасту, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=154