Баланың тістерін қалай тазалауға үйрету керек?

translator дүйсенбі қыркүйек 21, 2020

в

Балаңыздың кешке және таңертең тіс тазалап жатқанын көргіңіз келеді ме? Әрине, бұл көрініске жету оңай емес, бірақ балапаныңызды бір үйретіп алсаңыз ұдайы жасап жүреді.

Балаңызды үш жастан бастап тісін өзі тазалауына көмек бергеніңіз абзал. Балаңыздың тіс тазалауға қызығушылығын арттырыңыз, ол үшін арнайы бірнеше кеңестерге тоқталып өтемін:

1. Өзіңіздің тіс тазалап көрсеткен әдеттеріңіз көрнекі құралыңыз болып табылады 2. Жүйелі түрде, таң ертең және кешке әдетке айналдырғаныңыз дұрыс 3. Қызығушылығын арттыру үшін жақсы көретін мультфилм персонаждары бар тіс пастасымен тіс щеткасын қолданыңыздар 4. Тісін жуу қызықты және уақыты ұзағырақ болуы үшін арнайы құмсағат алыңыз 5. Тістерін жуып болғвн соң, тісінің тазалығы жайлы комплимент айтуды ұмытпаңыз

Алғашқы тістерді сау ұстау өте маңызды, бірақ шамамен төрт жылдан кейін олар тұрақты тістермен алмастырылады. Сүт тістері сөйлеуді дамытуға қатысады, дұрыс қорытылуына және асқазан-ішек жолдарының қалыптасуына ықпал етеді. Қатты тағамды шайнау арқылы олар қалыпты тістенудің дамуына көмектеседі, тұрақты тістерге «орын ұстайды». Балалардың тістері тістің бұзылуына осал, бұл бактериялардың тақтада көбейіп, үнемі тамақ қалдықтарынан пайда болатын тістерде пайда болады.

Әрқашан ботақандарыңыздың денсаулығы мықты болсын!

Бәрі өз қолыңызда! Бақытты болыңыздар!

Нұрақыш Сәуле Медицина ғылымының магистрі

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=161