АҚШ президенті Трампты коронавирустан қалай емдеді, сондай-ақ COVID-19-бен күресте моноклоналды антиденелерді қолдану аясы

translator сенбі қазан 31, 2020

Whatsapp Image 2020 10 13 At 09.49.29

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустық инфекцияны жұқтырып, аурудан сауығып шыққан болатын. Ем жүргізу барысында D дәрумені, мырыш және мелатонин сияқты биологиялық белсенді қоспалардан басқа, дексаметазон гормоны, вирусқа қарсы ремдесивир препараты, сондай-ақ моноклоналды антиденелердің коктейлі болып табылатын эксперименттік препараттар қолданылған еді.

Мен президент Дональд Трампты емдеу әдісін талдап, келесі қорытындыға келдім.

Биологиялық белсенді қоспаларға қатысты президенттің оны коронавирустан емдеу үшін немесе басқа да мақсатта қабылдағаны әзірге түсініксіз. Мелатонин ұйқыны жақсартатыны белгілі. Мырыш пен D дәруменіне келетін болсақ, олар иммундық қорғанысты күшейтеді деп саналса да, COVID-19-бен шалдыққан науқастарға олардың тиімділігі туралы нақты ғылыми дәлелдер жоқтың қасы.

Ал енді дексаметазонның тиімділігі жөнінде сенімді ғылыми дәлелдемелер қоры бар. Оксфорд университетінің зерттеушілері қабынуды жеңілдететін бұл арзан гормондық дәрі-дәрмек оттегі терапиясын қажет ететін COVID-19 жұқтырған науқастарда өлім қаупін едәуір төмендететінін дәлелдеді.

Мен вирусқа қарсы Ремдесивир препараты жайлы өткен бағдарламаларда айтқан болатынмын. Ол вирустың көбеюіне тосқауыл қояды, оны бұрынырақта Эбола эпидемиясы кезінде сәтті қолданған еді.Ремдесивир COVID-19 орташа және ауыр ағымда өтіп жатқан науқастарға қалпына келу жылдамдағын едәуір жеделдетеді.

Иммундық антиденелердің молекулалары көмегімен емдеу үлкен қызығушылық тудырып отырғаны сөзсіз.

Антиденелерді дұрыс таңдау арқылы сіз оған қарсы иммунитетті дамытқандай вируспен күресуге болады деп саналады. Әзірге бұл тәжірибелік емдеу және де дәрігерлер оған үлкен үміт артып отыр.

Антиденелердің қасиеттерін алғаш рет неміс ғалымдары 1890 жылы анықтаған.Олар дифтериямен және сіреспемен ауырған эксперименттік жануарлардың қан сарысуын қолданып, оны сау жануарларға енгізу арқасында бұл қауіпті инфекциялардан қорғауды тапқан.

Кейде сау адамдарға ауырып шыққан науқастардың қан сарысуын емдеу және оларды инфекциялардан қорғау үшін қолдануға тырысады. Алайда, бұл көбінесе асқынулармен орын алып жатады, өйткені антиденелерден басқа қан сарысуында қауіпті жанама реакциялар тудыруы мүмкін басқа да ақуыздар бар.

Осыған байланысты ғалымдар әрдайым тек антиденелерді қолдану үшін сарысуды барынша тазартуды міндет етеді. Ағзадағы антиденелерді лимфоциттер деп аталатын иммундық жасушалар жасайтын болғандықтан, белгілі бір вирусқа бағытталған антиденелерді көп мөлшерде шығаратын лимфоциттерді клондау оңтайлы болмақ.

Бұл технологияны 1970 жылдары неміс биологы Джордж Колер мен аргентиналық биолог Цезарь Милштейн жасап шығарған. Сол кезде олар Кембридж университетінде бірге жұмыс істеп, ашқан жаңалықтары үшін Нобель сыйлығын алған болатын.Олардың жасаған жаңалықтар тез өсіп келе жатқан қатерлі ісік жасушасына антиденелер шығаратын иммундық жасушаны біріктіре алуында. Осындай жолмен алынған «химера» моноклоналды деп аталатын антиденелерді көп мөлшерде шығара алады.

Менің иммунология саласындағы жүргізген ғылыми зерттеулерімде моноклоналды антиденелерді жиі қолдануыма тура келді. Олар шынымен де ғылыми зертттеу барысын жеңілдетеді.

Моноклоналды антиденелер медицинада үлкен практикалық қолданысқа ие. Бүгінгі күні олар аутоиммунды және онкологиялық ауруларды емдеу үшін кеңінен пайдалынады. Дегенмен, моноклоналды антиденелер жұқпалы ауруларды емдеу үшін сирек қолданылады.

Осы мәселе бойынша Нью-Йорк қаласы маңындағы орналасқан Regeneron Pharmaceutical компаниясы қызығушылық танытқан болатын. Бұл компания көптеген жылдар бойы өндірістік масштабта моноклоналды антиденелерді шығаратын болғандықтан, оларға коронавируспен шылдыққан науқастардан қолдануға қажетті молекулаларды жеткілікті түрде алу тапсырылған болатын.

Коронавирусқа қарсы моноклоналды антиденелер шығаратын зауыт сыйымдылығы ондаған тонна болатын үлкен биореакторлардың технологиялық тізбегіне ұқсайды. Олардың құрамында иммундық жасушалар клондарының өсуіне қажетті қоректік ерітінділер бар.Қажетті антиденелерді тазарту үшін арнайы сүзгілер мен үлкен центрифугалар қолданылады. Нәтижесінде пайдалануға дайын моноклоналды антиденелердің тазартылған концентраты алынады.

Міне осыларды президент Дональд Трампты коронавирустан емдеуде қолданылған екен. Мұндай емдеудің қаншалықты тиімді екендігі туралы енді біз ресми жаңалықтардан білмекпіз.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=172