Пандемия және созылмалы стресс: онымен қалай күресуге болады

translator жексенбі қаңтар 31, 2021

Shutterstock 1745644757

Жалпы мына адамның миы қауіп төнген жағдайда ағзаға сигнал береді. Мұны стресстік реакция деп атайды. Ол өзі адреналин, кортизон және басқа гормондардың қанға шығарылуымен көрінеді, олар ағзаға қауіп төндіруге бейім: жүрек соғысын жиілетеді, қан қысымын көтереді және тынысты тарылтады. Бұл стресстік гормондар. Олар уақытша ғана әл беріп, ойлау өткірлігі мен жылдам реакцияға септік етеді.

Біздің ата-бабаларымыз бұл механизмді қауіп-қатермен күресу үшін немесе өмірін сақтау үшін қолданған. Қауіп сейілгенде, ағза қалыпты жағдайға келеді. Өкінішке орай, бүгінгі біздің өміріміз стресстік жағдайларға толы, сондықтан, мұндай қауіпті ескерту жүйесі үнемі қосылулы десе де болады. Бұл созылмалы стресске әкеледі.

Соңғы уақытта көбімізді мықты стресске ұшыратқан пандемия десек артық емес, ол өміріміздің барлық салаларына дерлік әсер етті. Оқшауланудың жайсыздығы, жақындарымызға алаңдау, ертеңгі күнге деген белгісіздік пен сенімсіздік – осының бәрі ағзаға кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда стресстік гормондар үздіксіз қалыптасып отырады да, олар ағзаға кері есер ете бастайды.

Созылмалы стресстің белгілеріне ұйқының бұзылуы, тәбеттің өзгеруі, көңіл-күйдің нашарлауы, бір нәрсеге назар салу және зейін қою қабілетін жоғалту жатады. Көпшілік үшін созылмалы стресс тұмауратуға бейімділікпен, жараның баяу жазылуымен немесе ауру мен жарақаттан кейін ұзақ қалыпқа келумен, асқазан-ішек жолының бұзылуымен, қажу мен шаршау, ұйқышылдықпен, жыныстық әрекеттің төмендеуімен, өмірдегі мақсаттың жоғалуымен байқалады.

Стресстік гормондар мидың қабынуын, сонымен бірге қан ұюының бұзылысын, қан тамырларының тромбпен бітелуімен, өз кезегінде ол инфаркт, инсульт және басқа да ауыр бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Пандемия жағдайында созылмалы стресстен туындаған бұзылыстарды коронавирустық инфекцияның көріністерінен ажырату кейде қиынға соғады, ол жағдайда да қабыну мен қанның ұюына әкеліп, қан тамырлары мен мидың жұмысын бұзады.

Ұзақ уақытқа созылған бақыланбайтын стресс денсаулықтың ауыр мәселелеріне әкеледі, тіпті гендік деңгейде. Бұл стресстік бұзылулар болашақ ұрпаққа берілуі мүмкін дегенді білдіреді. Сондықтан, стресспен уақытылы күресіп, оның ағзаға әсерін барынша азайтуға тырысу маңызды. Әйтпесе, бұл депрессияға, мазасыздыққа, танымдық іс-әрекеттің бұзылуы мен мидың қартаюына әкелуі мүмкін.

Созылмалы стресс адамдарда психоәлеуметтік бұзылыстар жиі кездеседі.Олар өзімшіл, жанашырлық танытуға, қамқорлық жасауға қабілетсіз болып келеді. Кейбілеулер үшін бұл агрессия, импульсивті мінез-құлық және де басқа да психоәлеуметтік бұзылыстармен байқалады. Нейрофизиологтар егер де сіз созылмалы стрессті бастан кешірсеңіз, онда ең алдымен айналаңыздағы адамдарды оның зардаптарынан қорғау маңызды деп санайды.

Мүмкін, стрессті жеңудің ең жылдам тәсілі – жақындарыңызға деген мейірімділік білдіруге тырысу, ризашылығыңызды көрсету болар. Бұл оларға жағымды сезім әкеліп, сізге де оң әсері болады. Әйтсе де бұл уақытша шара болғанымен, созылмалы стресстің қалпына келтірудің пайдалы тетіктерін тудыруы мүмкін.

Мен бұған дейін өкпені нығайтатын және стрессті жеңуге көмектесетін тыныс алу жаттығуларымен таныстырған болатынмын. Қысқаша айтқанда, мұрныңызбен тыныс алғанда, деміңізді сәл ұстап тұруыңыз керек, содан соң ауыз арқылы баяу дем шығарыңыз. Осы жаттығуларды күніне 10-15 рет қайталау қандағы стресстік гормондардың деңгейін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Бұл ретте ішпен тыныс алуды үйрену маңызды.

Тағы бір тиімді механизм – бұл сурет салу, қызықты кітаптарды оқу, музыкалық аспаптарда ойнауды меңгеру, шет тілін үйрену сияқты шығармашылық және көз тартарлық нәрселерді жасауға тырысу. Осы әрекеттердің барлығы да стресстен алшақтатады және оның ауруды тудыратын әсерін едәуір азайтады.

Жапонияда стрессті жеңудің қызықты әдісі қолданылады. Олар мұны орманға шомылу деп атайды. Бірақ, бұл тура мағынасындағы суда жүзу емес. Бұл орманда жүргендей ахуалда болу деген сөз. Өйткені, орман ағаштары фитонцидтер деп аталатын химиялық заттарды бөліп шығарады. Олардың стрессті басу қабілеті зор. Егер сіз орманда жай ғана серуендеп, орман ауасымен тыныс алсаңыз, денеңізді стресске қарсы фитонцидтермен қанықтыра аласыз.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=201