Зерттеу - БАҚ-тарда жариияланатын зорлық-зомбылықтар мен қайғылы жайтар туралы жаңалықтар адамдардың бақытсыз сезінуіне әкеледі

translator Сәрсенбі мамыр 8, 2019

08 05

БАҚ-тарда жарияланатын әртүрлі қайғылы оқиғаларды естігенде адамның көңіл-күйі бірден бұзылады, оның салдарынан тек құлазып қана қоймай, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін білуге аңсары ауып, сол ақпаратты одан сайын қазбалай түсуге құмартады. Бұл жайында «Science Advances» журналында жарияланған зерттеу деректерінде айтылады.

Калифорния университетінің ғалымдары, АҚШ-тың Ирвайн қаласында (АҚШ) халыққа телефон арқылы және онлайн режимінде үш жыл бойы зерттеу жүргізді. Зерттеуге ұзын саны 4500 адам қатысты.

Алғашқы сауалнама 2013 жылдың сәуір айында Бостондағы марафон кезінде жарылыстардан кейін жүргізілді. Ол оқиғада үш адам қайтыс болып, 250-ден астам адам жарақат алған еді. Журналстар респонденттерден террорлық шабуылға қатысты эмоционалды әсерлері қандай болғандығын сұрады, сондай-ақ, олардың «алдағы уақытта тағыда осындай қайғылы оқиғалар болып қалмай ма екен» дегендей алаңдаушылықтары бар екенін байқаған. Бұдан әрі Бостондағы жарылыс оқиғасынан кейін алты ай өткен соң, бұқаралық ақпарат құралдары осы оқиғаның салдарын бақылап, жағдайдың нақтыланғандығына және тергеудің қалай жүргізілгеніне назар аударып отырды, кейінгі сауалнамаларда сол ақпаратқа қызығушылық танытқан жандардың әлі күнге дейін күйзеліске ұшырап, үрей мен қорқынышта жүргендігі байқалды. Шабуылдан соң екі жыл өткеннен кейін, респонденттер өздерінің болашағына әлі де алаңдап, қайғылы оқиғалардың қайталануынан қорқатынын айтқан.

Осы адамдардан 2016 жылы Орландо қаласында (Флорида штаты, АҚШ) «Pulse» түнгі клубында тағы бір жойқын қырғын орын алғаннан кейін сұхбаттасқан кезде, олар бұқаралық ақпарат құралдарының оқиғаны қалай қамтығанын мұқият бақылағанын растады. Бостондағы террорлық шабуылдан кейін, респонденттер өздерін нашар сезінгеніне қарамастан барлық жаңалықтар шығарылымдарын мұқият бақылап отырған.

«Зерттеу нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған зорлық-зомбылыққа байланысты мәліметтер мен стресс симптомдары арасында байланыстың бар екендігі туралы бұрын алынған мәліметтер толықтырылды. Біздің зерттеуіміз бірегей, себебі алғаш рет әртүрлі қайғылы оқиғалардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және қайталанбас тәжірибеге қарамастан, аудиторияның осы жаңалықты қалыптастыруы арасындағы қарым-қатынасты анықтау мүмкін болды», - дейді зерттеудің жетекшісі авторы, психолог Ребекка Томпсон.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай циклмен тек БАҚ қана араңдатпайды, сонымен қатар өз тіркелушілеріне қате, азғырынды ақпараттарды тарататын әлеуметтік желілер де бұл тарапта өзінше ықпал етіп жатады екен. Американдық ғалымдардың жаңа жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарының қандай да бір «инфекцияға әсері» қалай болғанын тағы да көрсетті. Мысалға, бұрынғы зерттеулер көрсеткендей БАҚ-та хабарланған атақты адамдардың өз-өздеріне қол жұмсауы, оның табынушылары мен оқырмандарының суицидтік қадамдарға баруына ықпал жасаған. «Біз бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтарда осындай оқиғаларды жариялаудың сенсорлық аспектілерін жұмсартуға кеңес береміз», - дейді доктор Томпсон.

Әлеуметтік желілерді көретін, немесе жиі пайдаланатын жандар басқа да массалық трагедялар орын ала қалса, өз шешімдерімен өз эмоцияларын қорғауға мүмкіндіктері бар. Сарапшылар Интернетте жиі видео көретін, немесе теледидар көп қарайтын адамдарға ақпаратты екшеп қолдануға кеңес береді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын ауыр трагедиялар жайында ақпарат алу психологиялық жағынан зиянды емес. Бірақ қайғылы оқиғаларға түбегейлі кіріп кетпеңіз. Бұл сізге осындай материалдарды көруден және психикаға зиян келтіретін азаптан туындайтын стресті азайтуға көмектеседі », - дейді зерттеуші Ребекка Томпсон.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=48