ДДСҰ балаларды бес жасқа дейін цифрлы гаджеттерден тыю керек деп дабыл қағуда

translator Сейсенбі мамыр 14, 2019

14 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бес жасқа толмаған балалардың қалыпты дамуын қамтамасыз ететін жаңа нұсқаулықтарды жариялады. Ондағы баса назар аударатын нәрсе заманауи гаджеттердің балаларды ерте жастан әуестікке баулитындығы.

ДДСҰ сарапшыларының пікірінше, бір жасқа толмаған сәбилер компьютерлердің, планшеттердің, смартфондардың және басқа да цифрлық құрылғылардың экрандарына жоламауы тиіс. 2-ден 4 жасқа дейінгі балалар әр түрлі гаджеттерді күніне бір сағаттан артық ұстамауы керек.

Ұсыныс бойынша: бес жасқа толмаған балаларға электрондық құрылғыларды пайдалануды шектеу, олардың сау-саламатта өсіп, жетілуіне айтарлықтай үлес қосу болып саналады.

«Балалық шақ – бұл жанұяда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасалуы мүмкін жылдам даму кезеңі», - дейді ДДСҰ-ның бас директоры, доктор Тедрос Адхан Гебрейесус.

Алайда, зерттеушілердің пікірінше, планшеттерді және басқа электрондық құрылғыларды қолдануды шектеу табысты шешімнің бір бөлігі болып табылады. 5 жасқа толмаған балалар өсіп келе жатқан шағында көбірек қимылдап, уақытылы ұйықтауы керек. Сонда ғана олар өсе келе семіруден, ержете келе түрлі ауруларға ұшыраудан аман болып, жақсы салауатты әдеттерді қалыптастырады.

2016 жылы жарияланған ұсыныстарда Америкалық педиатрия академиясы ата-аналарды 18 айға дейінгі балаларды цифрлы құрылғылар экранынан алыс ұстауға шақырады. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, бір жарым-екі жасқа дейінгі балаларға тек қана ересектердің қатысуымен ғана жоғары көркемдік сападағы бейнелерді көруге рұқсат етіледі. 2-5 жас аралығындағы балалар электронды экранды күніне бір сағаттан артық көрмеуі керек.

Алдыңғы толқын балалардың денсаулығына радиостанциялар мен теледидардың тигізетін кері әсеріне алаңдаушылық танытса, қазіргі заманғы ғалымдар цифрлық гаджет экрандарының мидың дамуына тигізетін әсерін зерттеуде. Дегенмен, теледидарлар, компьютерлер, смартфондар, планшеттер және бейне ойындар алдында баланың қысқа мерзімде немесе ұзақ мерзімде отыруынан денсаулыққа қаншалықты әсер ететіні жайындағы деректер жеткіліксіз. Бірақ электронды БАҚ-тың 18 айға дейінгі балалардың дамуына қандай да бір пайдасын тигізетіні туралы ешқандай дәлел де жоқ. Дегенмен, жас мииға жаңа құрылғылардың әсері жайында ғылыми зерттеулер аса қатты дами қоймаса да, технология тез дамып келеді, ДДСҰ сонда да сақтық танытып: «Егер біз жақсы нәрсені білмейтін болсақ және бұл жаман деп ойлаудың кем дегенде бір себебі бар болса, онда неліктен бұған жол береміз?» - дейді.

ДДСҰ-ның тағы бір жаңа ұсыныстары: анасы баласын белдікті арбада, жоғары орындықта немесе 5 жасқа дейінгі балалардың анасының арқасында бір сағаттан аспайтын уақытқа жатуына болады деп кеңес береді. Сонымен қатар, бірден беске дейінгі балалар күніне үш сағаттан үзілсе де, кем дегенде 10 сағат ұйықтауы керек.

Дене белсенділігінің деңгейін жоғарылату, тұрмыс жағдайына қарсы күрес және кішкентай балаларға сапалы ұйықтауды қамтамасыз ету олардың физикалық, психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартады, сондай-ақ кейінгі өмірде салмақ пен аурулардың алдын-алуға көмектеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 1974 жылдан бері бүкіл әлемде семіздік адамдар арасында арта түскен. Бір кездері бай елдердің мәселесі деп саналатын балалық шақта семіздікке шалдығу төмен және орташа табысы бар елдерде де күрт өсті.

ДДСҰ сарапшыларының айтуынша, физикалық белсенділік бойынша ұсыныстарды орындамау жыл сайын бүкіл әлемдегі барлық жас топтары арасында бес миллионнан астам адамның өліміне әкеп соғуда.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=50