«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобындағы өнімдердің денсаулыққа пайдасы өте зор

translator Сейсенбі қазан 1, 2019

01 10 2019

«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобы «Пайдалы таммақтану» ұстанымы бойынша төртінші орынды иеленеді. Бұл топтарға жануарлардан алынатын ақуыз өнімдері – ет, құс, балық, жұмыртқа, сондай-ақ өсімдіктен алынатын ақуыз өнімдері – бұршақ, дән және жаңғақтар жатады. Ет, құс, балық, құрғақ бұршақ, асбұршақ, жұмыртқа, жаңғақ және күнбағыс сияқтылар қоректік заттардың негізгі қайнар көзі болып табылады, олардың құрамында В дәруменінің тобы бар (олар: ниацин, тиамин, рибофлавин, В6 дәрумені), Е дәрумені (темір, цинк және магний) бар.

• Ақуыздар сүйек, бұлшық ет, сіңір, тері және қанның түзілуіне қажетті бірден бір зат болып табылады. Олар сондай-ақ ферменттердің, гормондардың және дәрумендердің түзілуіне атсалысатын компонент болып саналады. Сонымен қатар, ақуыздар көмірсулар мен майлардың да нәрлілігінің негізгі көзі болып табылады. • В дәрумендер тобы зат алмасу процесінде зор рөл атқарады, энергия шығаруға қатысады, қан жасушаларының жүйке жүйесінің түзілуіне атсалысады. • Е дәрумені антиоксидант болып табылады, яғни ол А дәруменін қанықпаған май қышқылының тотығуынан қорғайды. • Темір ағзада қандағы оттегі алмасуы үшін пайдаланылады. Көптеген қыздар мен әйелдер бала көтеру жасында темір жетіспеушілік анемиясымен қиналады. Оларға гемодік емес темір деп аталатын еттің, сондай-ақ, бірқатар өсімдіктердің құрамында болатын гемдік емес темірді С дәруменімен қосып не болмаса С дәруменнің көп мөлшердегі құрамын пайдалана отырып қолдану керек. Себебі С дәрумені гемдік емес темірдің сіңуіне көмектеседі. • Магний сүйектің қалыптасуына, сондай-ақ, бұлшық еттердегі энергияның шығуына көмектеседі. • Цинк иммундық жүйеның биохимиялық реакциясына қатысады, сонымен қатар, ағзаны инфекциядан қорғайды.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=71