Есте сақтау қабілетін жоғалтпау үшін не істеу керек

translator жексенбі қараша 10, 2019

08 11 2019

Қазіргі заманғы өмір сүру жағдайы барлық істердің тиімділігіне қатысты жоғары талаптарды қоюда. Жоғары нәтижелілікке жетудің маңызды бөлігі ретінде – жақсы есте сақтау қабілетін айтсақ болады. Алайда, жақында жүргізілген зерттеулер күнделікті тұрмыста айтылып жүрген «бір құлағымнан кіріп, екінші құлағымнан шығып кетті» деген сөзіміздің дұрыстығын және өзектілігін растап отыр. Егерде бұл Сізге айтылған болса, онда дыбыс арқылы есте сақтау қабілетіңіз көзбен шолу немесе сипалап қарау арқылы ақпаратты есте сақтаудан қарағанда өте нашар болғаны. Сіз лезде жазбай немесе термейтін телефон нөмірі сияқты, есту арқылы алынған ақпарат тез ұмытылып, ал көзбен шолу мен жанасу арқылы алынған ақпарат жеңіл есте қалмақ.

Есте сақтау қабілетіңіз Сізді сәтсіздікке ұшыратпағанын қалайсыз ба? Онда әртүрлі сенсорлы құрылғылардың көмегіне жүгініңіз. Өзіңізге ең қажетті ақпаратты есте сақтау үшін оны жазып қоюды, фотаға түсіруді немесе басып байқауды ұсынамыз. Кейбір адамдардың есту арқылы есте сақтау қабілетінің нашар екенін білсеңіз, ол кісілерге көмектесе аласыз. Жұбайыңыз супермаркеттен Сіз сұраған нәрсеңізді ұмытып кетпей, әкелгенін қалайсыз ба? Қоңырау шалу немесе сөзбеше ауызша айту жеткілікті болмауы мүмкін. Қағазға жазып немесе Сізге керек заттың суретін салып жіберіңіз. Осылайша Сіздің өтінішіңіздің орындалу мүмкіндігі еселенбек.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=77