Егер тәулігіне 6 сағаттан кем ұйықтаса не болады?

translator дүйсенбі қаңтар 27, 2020

21 01 2020

Филадельфиядағы Пенсильвания университетінің жанындағы Тәуліктік биоритмдердің нейробиологиясын және ұйқыны зерттеу орталығының ғалымдары 5000-нан астам адамның қатысуымен зерттеу жүргізген болатын. Бұл зерттеуде адамның денсаулық жағдайына түнгі ұйқының ұзақтығы тікелей әсер ететіні анықталған. Зерттеуге қатысушылардың 4-6 сағат (тәулігіне) ұйықтағандарында 6 сағаттан көп ұйықтағандарға қарағанда қандағы холестериннің жоғары деңгейі және артериялық қысымның жоғарлауы екі есе жиірек орын алып отырған. Сондай-ақ, түнгі уақытта ұйықтауды елемеген респонденттерде екінші типтегі диабеттің пайда болу қаупі 75 пайызға жоғары, ал семіздік қаупі түнгі ұйқыға көп көңіл бөлген адамдарға қарағанда 50 пайызға жоғары болған екен.

Өзге де жүргізілген зерттеулердің аясында, тіпті дені сау адамдарда да ұйқының аздығы жетіспеушілігі ағзаның қандағы қанттың жою қабілетіне теріс әсер ететіні дәлелденген. Бұл ретте ылғи да ұйқысы қанбайтындардың диабеттің даму қаупінің жоғары болуын түсіндіруге болады. Ұйқының жетіспеушілігі адамның ойлау қабілетін төмендетіп, зейіннің шоғырлануын, ақыл-ой жиынтығы мен есте сақтау қабілетін нашарлатады. Бұл турасында көлік жүргізу кезінде жүргізушіге де, басқа да жол қозғалысынының қатысушылары үшін де өте қауіпті. Ал қызметтегі менеджерлер үшін ұйқының аздығы басқаруда және басқа шешімдерді қабылдауда тиімділікті күрт төмендетеді.

Ұйқы жетіспеушілігі кезінде стероидты гормондар деңгейінің артуы жыныстық гормондардың дисбалансына және репродуктивті денсаулықтың нашарлануына әкеледі.

Сондай-ақ, ұйқының қажеттілігінің орнын толтырмау әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, тіпті артрит, аутоиммунды аурулардың орын алуына септік етіп, бактериялық және вирустық инфекцияларға шалдығу қаупін еселейді.

Салыстырмалы зерттеулер көрсеткендей, күнделікті ұйқының жетіспеушілігіне душар болғандар тәулігіне орта есеппен 7 сағат ұйықтағандарға қарағанда ой еңбегін әлде қайда нашар орындаған. Сонымен қатар, тәулігіне 7 сағаттан әлдеқайда аз немесе әлдеқайда көп ұйықтайтын адамдар арасындағы өлім-жітім орташа 7 сағат ұйықтайтын адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болған екен.

Ұйқының жеткіліксіздігі адамның ойлау қабілетіне, физикалық және психологиялық денсаулығына өте жағымсыз әсерін тигізеді. Көп ұйықтау да жақсылыққа әкелмейді. Ересек адамға орта есеппен 7-8 сағат түнгі ұйқы қажет. Кейбір адамдарға 6 сағаттық ұйқы да жеткілікті, ал кейбіреулері 9-10 сағаттық ұйқыға мәжбүр. Барлығы да жеке қажетілікке байланысты.

Түнгі ұйқының ағзаның тіршілік әрекетіне атқаратын рөлі өте маңызды, сондықтан оны адам өмірінен зая кеткен уақыт ретінде емес, жаңа күнге белестерді бағындыруға дайындық деп қарастырған жөн болады.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.academypm.org/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=92