Жаңа туылған ұл балалардың салмағы анасының күйзеліс гормонымен байланысты болып шықты

translator дүйсенбі қаңтар 28, 2019

21 мақала

Ғалымдар жаңадан туылған сәбидің дене салмағының тым төмен болуының себептерін анықтады – ұл балалардың орташа салмағының шамамен 38 грамдай болуының бір себебі: оның анасының бір кездері (физикалық немесе психологиялық жағынан) жарақат алуының салдарынан, күйзелістік кортизол гормонының шығып кетуінен екен. Зерттеу еңбегі «The Journal of Pediatrics» журналында жарияланды.

Салмағы төмен болуып туылған ұл балалардың аналарын тексеріп қарағанда оларда бұрынырақта жарақаттың болғаны, сондай-ақ, кортизол серекциясының деңгейі жоғары екендігі анықталып жатты. Сонымен қатар, бұндай құбылыстар тек ұлдар арасында тіркелді. Бұл еркектік ұрықтың өсуіне ананың күйзелістік әсері неғұрлым басым екенін көрсететін басқа деректерге сәйкес келеді.

Босанар арлында болашақ сәбиімен өзіне жақсы күтім жасалған 314 жүкті әйелдерден ақпарат жиналып алынды. Әйелдер өздерінің бұрынғы аурулары туралы барлық ақпаратты табыстады, сондай-ақ жарақаттан немесе күйзелістің салдарынан орын алған жағдайларды тізбектеп айтып берді. Босандырылған кезде кортизолды өлшеу мақсатында шаш үлгілері алынды. Сондай-ақ, баланың туу салмағы мен жынысы тіркеліп отырды.

Тетіктер қайткенде де түсініксіз болғанымен, әйелдің жарақаттан алған күйзелісі, оның тіпті жүкті болуына дейінгі ұзақ уақыт бұрын орын алса да, бойындағы стресске жауапты гормондарды реттейтін жүйелеріне, соның ішінде кортизолды өндіруге қатысты процестерге бәрі-бір салдарын тигізуі мүмкін екен. Барлық жарақат алған адам стресстік жарақат алғанымен, оған жауапты биологиялық жүйелердің бұзылуын сезінбейді, бірақ, егерде орын ал қалса, бұл әйел мен баланың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Осылайша, жүкті әйелде стресс гормонының жоғары деңгейімен бірге, бұрын алған жарақат тарихы бар болса, бала тууылғанда оның салмағы төмен болу қауіпі болады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, жүкті болғанға дейінгі жағдайлар болшақ ұрпақтың дамуына, олардың денсаулығының қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді деген қорытынды жасалды.

Баланың туылған кезіндегі салмағы мен бойы оның болашақ өмірінде денсаулығы мен аурулар функцияларының негізгі факторы болып табылады. Жағдайы нашар әлеуметтік-экономикалық ортада өмір сүретін әйелдер көбінесе салмағы төмен балаларды өмірге әкеледі. Өмір бойы күйзелістен айықпай ғұмыр кешу, бәлкім, осы қауіптіңа артуына ықпал етеді.

Болашақ ананың бұрын алған жарақатын және психологиялық бұзылыстарын анықтау, әрі оны емдеу сияқты тиісті шаралар жүзеге асырылса, аналар мен болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер ететін перинаталды нәтижелер әлдеқайда жақсаруы әбден мүмкін.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер Денсаулық Медицина


Permalink: http://mail.academypm.org/incl/tiki-view_blog_post.php?postId=22