Салауатты өмір салтын сақтау бойынша жеті кеңес

translator Сейсенбі қаңтар 15, 2019

4 мақала

Салауатты өмір салты деген жаттығу залдарында көп сағат бойы жаттығу немесе тек салат жапырақтарымен ғана тамақтану дегенді білдірмейді. Біздің айтайын дегеніміз, күнделікті өмірде жеңіл қолданылатын қарапайым және салауатты әдеттерді қалай дамыту керектігі жайында болмақ.

Бұл жердегі шағын құпия, азғантай өзгерістерде болмақ, әрине ол денсаулық үшін пайдалы болып саналатын өзіңнің күнделікті әдеттеріңді өзгертуден басталады, мысалы, лифтті пайдаланудың орнына баспалдақпен түсіп-көтерілу, жеміс-жидекті молынан тұтыну, күнде қосымша бір стакан су ішу немесе шылым шегуді доғару.

Дене жаттығуларын тұрақты орындау, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болу - бұл кеңестерге сүйене отырып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңаша ірге тасын қайта қалауға болады.

1. Тұрақты қозғалыста өмір сүріңіз

Қозғалыңыз. Анда-санда ғана емес, мүмкіндік болса күн сайын қозғалып тұруға тырысыңыз. Жеңіл спорттық жаттығулар жасауға да болады, дегенмен, бойдағы колорияны басқа да жолдармен жағыңуызға болады:

• Жұмыс кезінде, әріптесіңізге электронды хат жолдай бермей өзіне барып көзбе-көз сөйлесіп қайтыңыз; • Автокөлікті жұмыс орнынан алшақтау жерге тоқтатыңыз және жарты жолға дейін жаяу жүріңіз; • Лифттің орнына баспалдақпен жиі жүріңіз; • Қозғалыңыз, үйді тазалаумен айналысыңыз немесе бақшада қызмет жасаңыз; • Теледидардың алдында көсіліп отыра берудің орнына ит серуендетіңіз немесе балаларыңызды ертіп алып велосипедпен қыдырыңыз.

2. Кез-келген ұсақ-түйек қозғалыстар да маңызды

Біз көбінесе отыруға негізделген өмір салтына бейімделгенбіз. Жұмыс үстелімізде отырамыз, теледидардың алдында, жиындарда немесе телефонмен сөйлескенде отыра салуға бейімделгенбіз.

Кейінгі уақытта жаңаша зерттеулер пайда болды, яғни, деннің саулығы үшін отыруға негізделген өмір салты зиянды болып табылады екен. Мұнымен күресу үшін ғалымдар жұмыс күндерінің ішінде әр адам өзіне дәлізде немесе кеңсе ішінде азғантай 5 минуттық серуен ұйымдастыруы қажет екен, осылай істеу арқылы әркім өз денсаулығына айтарлықтай пайда тигізетін көрінеді.

Әрбір азғантай қозғалыс деннің саулығы үшін маңызды рөл атқарады, яғни соның өзі денедегі артық калорияның жағылуына айтарлықтай үлес қосады.

Егер сізде артық салмақ болса, күнделікті өміріңізге шағын өзгерістер енгізсеңіз денсаулығыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін. Негізінде, белгілі бір зерттеулер нәтижесі бойынша, дене салмағын кем дегенде 10 пайыз төмендетсе, артық салмағы бар адамдардың артериялық қысымы мен холестерин деңгейін айтарлықтай төмендейтіні белгілі болды, тіпті одан адам өзін әлде қайда жақсы сезінуіне мүмкіндіктер туады екен.

3. Дұрыс тамақтану мәселесі

Қазіргі қоғамда дұрыс тамақтану мәселесі айтарлықтай пікір-талас тудыратын жағдайға айналды. Бұл тақырып бойынша көптеген теориялар мен кеңестер пайда болды, тау-тау кітаптар мен мақалалар жазылды, осыған байланысты арнайы интернет-ресурстары да ұсынылды. Дегенмен, көптеген кеңестер мен диеталар бір-біріне қайшы келіп қалуда, бірақ тамақтану жайындағы ғылым дамуын тоқтатқан жоқ.

Айта кететін ең басты жайт, біздің тамақ ресурстарымызда қант өте көп, біздің астанатын тамақ мөлшерімізде айтарлықтай үлкен, мұнымен барлық мамандар толықтай келіседі, сондықтан, ең дұрысы әркелкі тамақтанған жөн, қажетінше табиғи және органикалық өнімдерді тұтынған абзалырақ.

4. Ақ қанның алдын алу керек!

Қазіргі уақытта құрамында қанты бар азық-түліктен арылу өте қиын. Олар тәтті сусындардан бастап, құрғақ таңғы астық өнімдерге дейін кездесіп жатады. Қант көбінесе жасырын түрде консервіленген шикі және алдын ала оралған тағамдарда да жиі ұшырасады, тіпті көптеген адамдар денсаулығына пайдалы деп есептейтін жеміс шырындарында қант болады.

Орташа есеппен алғанда адам күніне шамамен 22 шай қасық қантты тұтынады. Профилактиалық медициналар Академиясының ұсынымдары бойынша, қанттың күнделікті тұтынуы әйелдерге алты шай қасықтан, еркектер үшін тоғыздан аспау керек екен – бұл азық-түлік пен сусындарды қоса алғанда.

Қант қабылдауды шектеудің ең оңай жолы – құрамында қанты бар газдалған сусындарды мүлдем доғару керек. Сіздің тамақтану дағдыңыздағы бұл өзгерістер арықтауыңызға немесе қалыпты салмақ массаңызды ұстап тұруыңызға, сондай-ақ, өз кезегінде, жүрек-қантамыр ауруларының дамуының алдын алуға, сонымен қатар, семіріп кетпеуіңізге және диабетке ұрынуыңызға белгілі бір деңгейде тосқауыл бола алады.

5. Тамақ жеу мөлшеріңізді өзгертіңіз

Соңғы 30 жылда азық-түлік пен сусындар көлемінің үлкейгені байқалады. Бұл супермаркетте ғана емес, сондай-ақ мейрамханалардағы түскі астар мен стакандарда да, тіпті тоңазытқыштың өлшемдерінде де қылаң беруде! Мінекей тамақтану мөлшеріңізді қысқартатын қарапайым тәсілдерді қарап көріңіз:

• Көлемі кішірек табақтарды пайдаланыңыз. Сол кезде, ол көзге толы секілді көзінеді, бірақ шын мәнінде, сіз аз мөлшердегі азықты қабылдайсыз;

• Асханадағы үстелде тамақтануға тырысыңыз, одан сіз асықпай сіңімді тамақтануға мүмкіндік аласыз;

• Тұрақты түрде аз мөлшерде тамақтануға дағдыланыңыз (кемінде әр төрт сағат сайын) ішіңіз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы көп тамақ жеген болсаңыз, артық тамақтанудан аулақ болуыңыз өте қиын.

6. Тамағыңызды тым әсірелеп кетуден аулақ болыңыз

• Органикалық және табиғи өнімдерді таңдау және оларды қолдан дайындау – өте тиімді тамақтануға жол ашады. Құрамында майы мен тұзы көп, есесіне қажетті нәруыздары жоқ қапталған азық-түліктен қарағанда ол әлде-қайда пайдалы болмақ. • Денеңіздың қажетті қоректік заттарды, дәрумендер мен минералдарды жеткілікті алуына көз жеткізу үшін дәлелденген экспресс ережені пайдаланыңыз - әсіреленген өнімдерден барынша аулақ болыңыз. • Суретші болыңыз және күнделікті түрлі сары, қызыл және жасыл жемістер мен көкөністермен түрлі-түсті суреттерге айналдырыңыз.

7. Өмірді таңдаңыз

Темекі тартудан артық денсаулыққа зиян тигізетін нәрсе жоқ шығар, өйткені темекі шегушілердің жартысыннан көбі өлімге немесе мүгедектікке себеп болады. Темекі шегудің қаупі де соншалықты зор, себебі нашар әдеттер әлемдегі ең маңызды денсаулық сақтау проблемаларының бірі болды.

Шылым шегу ішкі ағзаларға әсер ету арқылы өмір сүру ұзақтығын қысқартады, сонымен қатар терінің нашарлауына алып келетін сыртқы қартаюды тудырады. Шылым шегу темекі әжімдерді, ауыздың айналасындағы әжімдерді тудыруы мүмкін, тістер мен саусақтарға сарғыш түс береді, қоректік заттардың терісін айырады, теріні жасартатын коллагенді бұзады.

Дегенмен, бұл проблемаларды болдырмауға болады.

Темекі шегуден бас тарту үшін батылдық пен табандылық қажет, өйткені темекіні тастау жеңіл жол емес, батыл әрі ақылға қонымды таңда жасау керек. Оң өзгерістердің кейбірі оңай жүзеге асады, кейбірі бірте-бірте болады, бірақ барлық өзгерістер сіздің денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңыз үшін пайдалы болмақ.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер: Денсаулық Медицина


Permalink: http://mail.academypm.org/incl/tiki-view_blog_post.php?postId=5